Әлем • 10 Мамыр, 2019
Ұлыбритания апта бойы көмірсіз отырды
Ұлыбритания Виктория патшайым заманынан бері алғаш рет көмірсіз қалды. Дұрысы көмірсіз қалған жоқ, көмір жағуды тоқтатты. Сөйтіп, бір аптадан астам уақыт елдің энергияға деген сұранысын балама қуат көздері және атом электр стансалары арқылы қамтамасыз етті.
Әлем • 10 Сәуір, 2019
«Егеменнің» суретшісі топ жарды
Кубаның Сан-Антонио-де-лос-Баньос қаласында өткен ХХІ халықаралық графикалық юмор биенналесінде «Егемен Қазақстан» газетінің суретшісі Айдарбек Ғазизовтың туындысы бірінші орын алды.
Қазақстан • 08 Сәуір, 2019
Заманауи студенттік емхана ашылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жастар жылы» аясында және «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында заманауи студенттік емхананың ашылу салтанаты өтті.
Қоғам • 04 Сәуір, 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге халықпен жақын болуды тапсырып, заманауи коммуникация құралдарын кеңінен қолдануға кеңес бергені сол еді, әр өңірдегі түрлі деңгейдегі әкімдер мен басқарма басшылары әлеуметтік желілерге жаппай тіркеле бастады. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға белгілі бір мөлшерде септігін тигізер деген үміт бар.
• 01 Сәуір, 2019
Әлеуметтік қамқорлық – кешенді шара
Қазақстан әу бастан-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауды назардан тыс қалдырған емес. Үкімет үнемі әлеуметтік жаңғыру үдерісін қолдап, жәрдемақы, зейнетақы мен шәкіртақыны ұдайы өсіріп келеді. Әсіресе былтыр жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінен кейін әлеуметтік бағытты нығайту шаралары тіптен қарқын алды. Ал ақпан айында өткен Nur Otan партиясының кезекті ХVIII съезінде Елбасының нақты тапсырмалар беруі әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарды қорғаудың жаңа кезеңін бастап берді.
• 18 Наурыз, 2019
Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis
Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózimizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qazaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, arman-ańsarymyz, muratymyz bar ekenin bilemiz.