Қаржы • 26 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары баспана мен емделу бағытында БЖЗҚ-дан қанша трлн теңге алды?
БЖЗҚ қаражаттарының елеулі бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) бағытталған. Биылғы жылдың басынан 1 желтоқсанға дейін Қазақстан азаматтары осы мақсаттарға шамамен 1 трлн теңге жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 26 Желтоқсан, 2025
Сенат «Құрылыс кодексі» мен «Банктер туралы» заңды Мәжіліске қайтарды
Кеше Сенат депутаттары пленарлық отырыста еліміздің Құрылыс кодексін және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарға түзетулер енгізіп, Мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 26 Желтоқсан, 2025
Елімізде тоғыз банк тарату сатысында тұр
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова 2025 жылғы 25 желтоқсанда Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Қонақ үйлер заманауи стандарттарға сай жаңартылады
2025 жылы Туризм және спорт министрлігі қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған қонақ үйлерді классификациялау жүйесін жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Желтоқсан, 2025
Елімізде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсті
Ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде туризм және спорт салалары бойынша 2025 жылды қорытындылады. Сонымен қатар спорт саласының үздік өкілдерін марапаттауға арналған «Үздік – 2025» сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 26 Желтоқсан, 2025
Ішкі жалпы өнімдегі орта бизнестің үлесі қандай?
Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жалпы ішкі өнімдегі орта бизнестің үлесін арттыру қарқыны туралы сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Депутат: Қазақстанның ақшасына неліктен шетелдік корпорацияны қаржыландырып отырмыз?
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннен шетелдік ірі корпорацияны қолдауға неліктен қомақты қаражат бөлінгенін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Шымбұлақтағы мейрамханада болған жанжалға Алматы полициясы түсініктеме берді
Алматы қаласының құқық қорғау органдары «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортындағы мейрамханада болған жанжалға қатысты тексеру жүргізіп, қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Өскеменде подъезд тұтқасын ұстаған жас жігітті ток соғып, жүрегі тоқтап қалған
Өскемен қаласында 25 желтоқсан күні кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйде төтенше жағдай болды. Оқиға салдарынан жас жігіт ауыр халге түсті. Подъезд есігінен электр тогы ұрып, ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.