Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
390 материал табылды

Спорт • 11 Шілде, 2025

Будапештте бақ сынайды

17-20 шілде аралығында Мажарстан астанасында Поляк Имре мен Варга Яностың мемориалы өтеді. Рейтингтік турнирде еліміздің 12 еркін күрес шебері өнер көрсетеді.

Спорт • 09 Шілде, 2025

Жарыс күнделігі

Болгарияның Пазард­жик қаласында бадминтоннан «Victor Bulgaria Junior Chal­lenge 2025» турнирі аяқталды. Әлем­­нің 25 елінен спортшылар қатыс­­қан жарыста еліміздің жасөспі­­рім­дер құрамасы екі жүлдеге ие болды. Жұптық сайыста Диана Наменова мен Алиса Кулешова қола медаль иеленсе, Арнұр Тәпішев пен Алиса Кулешова аралас жұптық бәсекеде дәл сол межеден көрінді.  

Спорт • 09 Шілде, 2025

Ақ жол, Әліби!

АҚШ-та өткен «The Ultimate Fighter» (TUF) реалити-шоуында қазақ ұланы Әліби Ыдырыс (11-0) өзбекстандық Фуркатбек Екубовпен (15-4) айқасты. Әйгілі Чейл Соннен командасында жаттығатын «Belarusian Fight Championship» промуошенінің алтын белбеуінің иегерін ұту қандасымызға көп қиындық туғызған жоқ. Барлық төреші Әлібидің мықтылығын бірауыздан мойындады.

Спорт • 09 Шілде, 2025

Екі балуанымыз – алғашқы ондықта

Жақында газетімізде «Әбиба жаһандық рейтингтің көш басында!» (27.06. 2025 жылы) атты мақала жарық көрді. Онда әйелдер дзюдосы жайында біраз әңгіме қозғаған едік. Бүгін ерлердің жай-күйін тілге тиек етпекпіз.

Спорт • 05 Шілде, 2025

Түркиядан табысты оралды

Білікті бапкер Мадияр Құрамысов жаттықтыратын еліміз­дің ұлттық құрамасы Түркияның Коджаэли қала­сын­да өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті.

Спорт • 02 Шілде, 2025

Жарыс күнделігі

Қазақ теннисшісі Жібек Құлам­баева Сербияның Куршумлия-Баня қаласын­да ұйымдастырылған ITF W15 турни­рін­де топ жарды. Финалда ол жергілікті ойын­шы Драгинии Вуковичті 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Бұл – жерлесіміз­дің осы маусымдағы үшінші титулы. Бұған дейін Жібек Мадрид пен Висбаден­дегі жарыстардың жұптық сайысында бас жүлдені олжалады.

Бокс • 02 Шілде, 2025

Астанада – әлем кубогі

Астанадағы Жақсылық Үш­кем­піров атындағы спорт кеше­нінде Әлем кубогінің үшінші ке­зеңі басталды. World Boxing-тің мұрындық болуымен ұйымдас­ты­рылып отырған жарыс­та жер-жаһанның бірқатар мемлекет­терінен келген белді былғары қол­ғап шеберлері күш сынасады.

Спорт • 27 Маусым, 2025

Әбиба жаһандық рейтингтің көш басында!

Дзюдодан Будапешттегі әлем чемпионаты аяқ­талғаннан соң, IJF-тің рейтингі қайта жаңар­тылды. Дунай жаға­лауындағы жарыста ел қоржынына бір ғана күміс медаль түскені белгілі. Сол жүл­денің иегері Әбиба Әбу­жа­қынова қазіргі рейтингте әлем­де екін­ші орынды иеленеді. Оның алдын­да италиялық Ассун­та Скутто ғана. Дәл осы Апен­нин түбе­гінің аруы финалда Әбиба­дан ­айласын асырған еді.

Спорт • 27 Маусым, 2025

Кирилдің қарқыны күшті

Кейінгі жылдары бүкіл әлемде жанкүйерлер тарапынан үстел теннисіне деген қызығушылықтың арта түскенін аңғару қиын емес. Соның бір ғана дәлелі – деңгейі аса жоғары жарыстардың ең белді арналардан жиі көр­се­­тілуі, ғаламтор мен түрлі платфор­мадағы көрермен санының күрт артуы.

Спорт • 27 Маусым, 2025

Жарыс күнделігі

4–10 шілде күндері Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде ауыр атлети­кадан жасөспірімдер (U-17) мен жастар (U-20) арасындағы Азия бірін­шілігінің жалауы желбірейді. Оған сары құрлықтың 30-ға жуық мемлекетінің 450-ден аса зілтеміршісі қатысады.

Яндекс.Метрика