Кәсіпқой бокс • 09 Қазан, 2024
Мейірім алтын белбеуге таласады
Кәсіпқой бокстан WBC нұсқасында орта салмақтың чемпионы Карлос Адамес келесі кездесуін әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы өткізеді. Бұл ақпаратты BatmanBoxing твиттер-аккаунты таратты.
Спорт • 09 Қазан, 2024
Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнасшылардың Әлем кубогінің кезеңдік сайысында Қазақ елінің әнұраны екі мәрте шырқалды. Қолды тіреп жасалатын жаттығуда Дарья Ясинская алтыннан алқа тақса, ерлердің бәсекесінде Асан Сәлімов алдына жан салмады.
Спорт • 09 Қазан, 2024
Футзалдан Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте өткен әлем чемпионаты Бразилия құрамасының жеңісімен аяқталды. Финалда олар Аргентинадан басым түсті.
Бокс • 08 Қазан, 2024
Ақтауда қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған XVI халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бұл додада Түркия, Әзербайжан, Кувейт, Польша, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Грузия, Иран, Камбоджа, Қазақстан елдерінің барлық аймағынан келген былғары қолғап шеберлері күш сынасты.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Жартасқа өрмелеуден еліміздің белгілі спортшысы, Париж Олимпиадасына қатысушы Әмір Маймұратов Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік сайысында күміс медальды иеленді. Ол тек қытайлық Синь Шань Ваннан алып қойды. Қола жүлдені Индонезияның өкілі Киромал Катибинге еншіледі.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Оңтүстік Кореядан олжалы оралды
Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында таеквондодан өткен жастар арасындағы әлем біріншілігін ел құрамасы үш жүлдемен қорытындылады. Оның екеуі – күміс, біреуі – қола медаль.
Бокс • 07 Қазан, 2024
Өткен аптада бокс шеберлері Шымкентте бас қосып, Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде күш сынасты. Бірақ Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салған жігіттердің барлығына жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілу бақыты бұйырмады. Осы жайттың өзі бәсекелестіктің аса жоғары болғанын аңғартса керек.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V халықаралық турнирі өтті. Оған 31 мемлекеттен 120 спортшы қатысты.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Душанбеде дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Бұл жарыста еліміздің 18 балуаны бақ сынағанымен, солардың тек екеуіне қола медаль бұйырды. Қалған өрендеріміз қалың топтың арасында қалып қойды.
Спорт • 05 Қазан, 2024
Биыл 6-9 қараша аралығында шайбалы хоккейден Азия чемпионаты Алматыдағы «Халық Аренада» өтеді. Аталған жарыста жерлестеріміз Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай құрамаларына қарсы ойнайды. Ал әйелдер арасындағы құрлық біріншілігін Қытайдың астанасы Бейжің қаласы қабылдайды. Аталған дода 31 қазан мен 3 қараша аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Қазақстанның хоккейшілері бұл бәсекелердің барлығын келесі жылдың ақпан айында Харбинде алауы тұтанатын қысқы Азия ойындарына даярлық ретінде қарастырып отыр.