Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
154 материал табылды

Спорт • 09 Мамыр, 2019

Бэнкс туралы не білеміз?

Қазақстанның ең әйгілі кәсіпқой боксшысы, бірқатар белді нұсқалар бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин барлық атағынан айырылғаннан кейін өзінің жеке бапкері Абель Санчеспен қоштасқаны белгілі. Көп кешікпей жерлесіміз алдағы уақытта Джонатон Бэнкстің қол астында жаттығатыны жайында жалпақ жұртқа жария етті. Ал біз GGG-нің таңдауы түскен сол маман жайында не білеміз?

Спорт • 09 Мамыр, 2019

Мұхаммед пен Мэннидің мәрттігі

Жуырда АҚШ-тың әйгілі «Time» журналы жер жаһандағы ең ықпалды 100 адамның тізімін жария етті. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін есімдерін жатқа білетін бес бірдей спортшыны айтулы басылым үздіктер қатарына енгізген екен. Ал солардың арасында атақты футболшы, Мысырдың ұлттық құрама мен Англияның «Ливерпуль» клубының сақа ойыншысы Мұхаммед Салахтың көші бәрінен ілгері тұр. Бүгінгі таңда ол «Титан» аталымы бойын­ша жеңімпаз деп танылып отыр.

Спорт • 03 Мамыр, 2019

Мәулен Мамыров: Бозкілемде «әттеген-айлар» да аз болған жоқ...

Ел спорты тарихында Мәулен Мамыровтың алар орны ерекше. Айтулы азаматтың есімі Қазақстанның еркін күрес өнерін биік белестерге көтерген балуан ретінде спорттық шежіреге алтын әріптермен жазылды. Сексенінші жылдардың екінші жартысында жасөспірімдер мен жастар буыны арасында аса ірі халықаралық додаларда дараланған қандасымыз кейіннен ересектер дуында да орасан зор табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, ол – КСРО кубогының иегері, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, КСРО және ТМД біріншілігінің қола жүлдегері, Азия чемпионы, Шығыс Азия және Орталық Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Азия кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Жасыратыны жоқ, осы спорт түрін серік еткен бірде-бір жерле­сі­міз дәл осындай орасан зор табысымен мақтана алмайды. Бұл ретте Мамыровтың тұғыры өзге балуандардан әлдеқайда жоғары екенін барша жұрт мойындайды.

Спорт • 30 Сәуір, 2019

Бангкокта барымызды көрсете алмадық

Таиландтың бас шаһары – Бангкокта бокстан өт­кен Азия чемпионаты өз мә­ре­сіне жетті. Айтулы жа­рыс­та 2 алтын, 2 күміс жә­не 3 қола медальды иеленген Қазақстанның ерлер құрамасы жалпы­коман­далық есепте екінші орынға табан тіреді. Бұл жолы да біздің гүрзі жұдырықты жігіттеріміз Өзбекстанға есе жіберді. Олар 4 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдені қоржынға салды.

Спорт • 30 Сәуір, 2019

Алтынның аздығы алаңдатады

Өткен аптада «Egemen Qazaqstan» газетінде дзюдодан Азия чемпионаттарының тарихы жайында көлемді мақала жарық көрді. Ол кезде біз ерлер арасында сары құрлықтың көшбасшы командалары кімдер, қазіргі кезде қай елдің қарқыны күшті және де тәуелсіздік алған кезден бері Қазақстан балуандарының қол жеткізген табыстары туралы біраз мағұлұмат бердік. Ал бүгінгі әңгіменің тақырыбы – әйелдер дзюдосы.

Спорт • 25 Сәуір, 2019

Бүгін – жартылай финал

Бокстан Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгін жартылай финалдық сайыстары өтеді. Қазақстанның ерлер құрамасының жеті мүшесі осы межеге сүрінбей жетті. Әзірге бұл жаман нәтиже емес. Десек те жанкүйерлер алдағы күндері де жерлестерімізден жарқын жеңістер күтеді. Өйткені біздің басты мақсатымыз – барынша көп алтын алып, жалпы командалық есепте көш бастау.

Спорт • 25 Сәуір, 2019

Ендігі мақсат – әлемді мойындату

Осы аптаның басында Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Осы жарыста Айдын Смағұлов жетекшілік ететін Қазақстанның ерлер құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді олжалап, жалпы командалық есепте төртінші орынға табан тіреді. Бұл бәсекеде Моңғолия, Жапония және Оңтүстік Корея алдымызды орады. Отандық дзюдошылар үшін бұл елеулі табыс па, әлде ортаңқол нәтиже ме? Осы сауалға нақты жауап алу үшін бұған дейін өткен сары құрлықтың басты додасының көрсеткіштеріне көз жүгірткен жөн.

Спорт • 22 Сәуір, 2019

GGG-дің қарсыласы кім?

Бұл күндері барша жанкүйер 8 маусымды тағатсыздана күтуде. Себебі дәл сол күні тоғыз айға жуық уақытқа созылған үзілістен кейін Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкин қайта шаршы алаңға шығады. Ол Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады.

Спорт • 22 Сәуір, 2019

Аруларға ақ жол тілейміз!

Санаулы күндерден кейін Қытайдың Сиань қаласында сары құрлықтың барлық белді балуандары бас қосады. Бұған дейін біз грек-рим және еркін күресінен өткен Азия чемпионаттарының тарихы және қазақстандық спортшылардың сол жарыстарда қол жеткізген табыстары турасында біраз мағлұмат бердік. Ал бүгінгі мақаламызда әйелдер күресі жайында әңгіме қозғаймыз.

Спорт • 18 Сәуір, 2019

Данияр Қасқарауов: Алматыда алапат айқас болады

30 сәуірде «Алматы Аренада» ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді. Соның қарсаңында біз айтулы жарысты ұйымдастырушылардың бірі, «Алаш прайд» промоутерлік компаниясының президенті Данияр Қасқарауовпен азды-кем тілдескен едік.