Қоғам • 04 Мамыр, 2024
«Springer» басылымының конференциясы
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «AICTC-2024» аясында Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және компьютерлер саласындағы жетістіктерге арналған 5-халықаралық конференция өтті. «Springer» халықаралық ғылыми басылымының зерттеулеріне арналған бұл жиынға әлемнің әр қиырынан 300-ден аса еңбек жинақталып, іріктелген 80 зерттеу нәтижесі қатысушылар талқысына ұсынылды.
Айбын • 02 Мамыр, 2024
Сайрамдық оқушылар әскери бөлімде болды
Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған білімдерін бекіту мақсатында Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы Әлішер Науаи және Әл-Фараби атындағы орта мектептерінің қырыққа жуық 10-сынып оқушылары үшін Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының өмірімен танысуын ұйымдастырды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкент • 25 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға тоқталды. Жиында Президент «Бірлік және ынтымақ» еліміздің басты құндылығы екенін айрықша атап өтті. Бұл тұрғыда Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтар арасындағы бірлікті көздің қарашығындай сақтап, ынтымақ бар жерде ырыс та, береке де болатынын іспен дәлелдеген бірегей институт екенін тағы бір мәрте еске салғымыз келеді.
Зерде • 25 Сәуір, 2024
Қазақстан тарихын насихаттауды мақсат тұтқан Qalam дәрісханасы жобасының аясында Шымкентте елімізге белгілі тарихшы, археолог Эмма Усманова «Әмір Темір және Алтыншоқы төбесінің сыры» тақырыбында көпшілікке арнап дәріс оқыды.
Музей • 25 Сәуір, 2024
Қасымбек датқадан қалған дүние
Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық өлкетану музейінің ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету және қазіргі заман тарихы бөлімінің меңгерушісі Жанар Үркімбаева әйгілі Қасымбек датқаның ұрпақтары бабадан мирас болып қалған асадалды музейге әкеп тапсырғанын айтты. Асадал дегеніміз, ағаштан жасалған тартпалары бар жиһаз. Онда негізінен ас пен ыдыс-аяқ сақталады. Асадалды кебеженің бір түрі деуге де болады.
Қоғам • 20 Сәуір, 2024
Қарғын судан жапа шеккен аймақ тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелту акциясы Шымкентте қарқынды жалғасып келеді. Күні кеше қайырымдылық іс-шарасына қатысқан түрлі ұйымның сауапты ісінен қалыс қалмауды ұйғарған мегаполистің беделді 5 жоғары оқу орны апат болған аймақтарға гуманитарлық жүк көліктерін аттандырды. Осынау маңызды бастамаға ұйытқы болған – Тәшенов атындағы университет басшылығы. Қандай көмектің жіберілгені, басқа нендей қолдау шаралары қарастырылғаны жөнінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек айтып берді.
Медицина • 20 Сәуір, 2024
Медицина саласының маңызды шарасы
Скринингтік тексеру – халық денсаулығын нығайтудың басты кепілі. Сондықтан Шымкентте тұрғындар жас ерекшелігіне сай скринингтік тексеруден шет қалмайды.
Шымкент • 18 Сәуір, 2024
Шымкент: инвестор тартудың ұтымды жолы
Бүгінде Шымкент қаласының өнеркәсіп пен инновациялық дамуы 7 индикатор бойынша жүзеге асып жатыр. Шаһардың әлеуметтік өркендеуін қамтамасыз ететін басқа да индикаторлар бар. Оның ішіндегі ең маңыздысы – өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін арттыру. Жоспарға сәйкес биыл өнеркәсіп саласында 1 трлн теңгеден астам сомаға өнім шығару көзделіп отыр. Әдепкі үш айдың өзінде 200 млрд теңгеден астам өнім өндірілді. Жалпы, мегаполисте 885 кәсіпорын бар, оның 20-сы ірі саналады. Елуге жуық кәсіпорын орта санатқа жатса, қалғаны – кіші өндіріс орындары.
Шымкент • 17 Сәуір, 2024
Шымкент қаласының оқушылары 1 мамырдан бастап қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков фейсбуктегі парақшасында осындай қуанышты жаңалықты бөлісті.
Театр • 17 Сәуір, 2024
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында – премьера. Қазақтың көрнекті жазушысы, Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытұлының 135 жылдығына орай қаламгердің әйгілі романының желісімен «Қартқожа» атты деректі драма қойылды.