Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
65 материал табылды

Туризм • 06 Қыркүйек, 2024

Турист тартудың тәсілі

Шымкент – республикада туризмнің дамыған орталығы болуға сұранып тұрған аймақ. Осыған байланысты мегаполисте туризм саласын өркендетуге қатысты іс-шаралар жиі ұйым­дастырылып тұрады. Мегаполиске саяхатшыларды тарту бойынша арнайы жоспарлар мен тұжырымдамалар да түзілген. Қазір оларды жүзеге асыру бағытынды тиісті мемлекеттік органдар мен осы жауапкершілікті мойнына алған арнайы мекемелер қызу жұмыс жүргізіп жатыр.

Өндіріс • 06 Тамыз, 2024

Шыны шығаратын бірегей зауыт

Қала іргесіндегі «Оң­түс­тік» индустриалды аймағында орналас­қан «ЕвроКристалл» ЖШС шыны банкілер, сусын­дарға арналған шыны бөтел­келер шы­ға­­румен айналыса­ды. Химия өнеркәсі­бінен бас­тап тамақ, тіпті медицина саласында да шыныға деген сұраныс өте жоғары. Бұрын банкі мен бө­тел­ке импортта­латын. Енді отандық кәсіп­орын іске қосылғалы шетелдік өнді­ру­­шілермен бәсеке орнап, жер­гілікті базар, сау­да нүктелері шыны ыдыс­тармен толықты.

Шымкент • 28 Мамыр, 2024

Шымкенттегі зәулім мешіт

Қасиетті жұма күні Шымкентте жұрт талайдан асыға күткен теңдессіз зәулім мешіт ашылды. Құлшылық үйі елімізге белгілі меценат Серікжан Сейітжановтың қаражатына салынды. Мешітке Сейітжан қари Есжанұлы есімі берілді.

Өндіріс • 28 Мамыр, 2024

Трансформатор жасайтын бірегей кәсіпорын

«Alageum Electric» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші компания құрамына кіретін, кернеуі 110, 220, 500 кВ, ал қуаты 500 МВА-ға дейінгі трансформатор жабдықтарын шығаратын «Asia Trafo» ЖШС 5 жылдан бері нарықта табыс­ты жұмыс істеп келеді. «Тассай» индустриалды аймағындағы 12 гектар аумақта орналасқан өндіріс орнында 250 адам еңбек етеді. Орташа жалақысы – 428 мың теңге.

Еңбек • 03 Сәуір, 2024

Сиырдан табыс құраған

Жас кәсіпкер Әсем Тұрарованың күнделікті әдеті – таңертең ерте тұрып, қорасындағы 3 сиырын сауу. Алған сүтті бір күн айран қылып ұйытып, бір күн сүттей аулындағы дүкенге өткізеді. Осы кәсібімен жан бағып, бала-шағасын асырап отыр. Ол тұратын ауыл – Шымкент қаласының ең шеткі аймағындағы Көкбұлақ елді мекені. Шаһарға қарасты болса да, бұл жердің халқы әлі күнге дейін төрт түлік мал бағып, егін салады. Өйткені әр отбасының есік алдында үйіргелік жері, шағын бау-бақшасы бар. Халық малын ауыл маңындағы қоғамдық жайылымға өргізеді.

Еңбек • 19 Наурыз, 2024

Еңбекке сай нәпақа

Өткен жылы Шымкентте жолаушы тасымалдау ком­паниялары «ТТК», «Радуга», «T-BUS» серік­тестіктерінде ереуіл бола жаздаған. Жолаушы тасымалдау қызметі әрдайым субсидияға мұқтаж екені рас. Қазір қалада жап-жаңа автобустар қыз­мет көрсетеді. Жоғарыда атал­ған компаниялар сол автобустарды «Shymkent» ӘКК-ден лизингке сатып алған.

Экономика • 15 Ақпан, 2024

Алтын, күміс тас екен... Әлем экономикасын қай металл құтқарады?

Бағалы металдар ішінде алтын мен күміс айрықша бағаланады. Сонау көне заманнан бері халық алтын мен күмісті байлықтың көзі ретінде қараған. Бұл екі металл да тек әшекей бұйым емес, өзінше бағалы болғандықтан, ұзақмерзімді инвестицияда олардың алатын орны ерекше.

Мәселе • 09 Ақпан, 2024

Омарта кәсібінен айырылып қалмайық

Республикалық ара шаруашылығы палатасының Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Бауыржан Мелдешев ішкі нарықта сыртқы ойыншылардан қорғап, отандық өнімді сақтап қалмасақ, ара шаруашылығын біржолата жоғалтып аламыз деп, газет арқылы жанайқайын жеткізіп отыр.

Қоғам • 21 Қаңтар, 2024

Ажырасу неге көп?

Шымкентте өткен жылдың кейінгі 4 айында сотқа ажырасу жөнінде 1128 талап-арыз түссе, оның 304-і бо­йынша шешім шығарылған. Бұл жөнінде мегаполистің кәмелетке тол­ма­ған­дардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Мырзахан Тиметов айтып берді.

Құқық • 15 Қаңтар, 2024

Жұртқа жақын полиция моделі

Шымкент қаласында отба­сы­лық зорлық-зомбылықтың ал­дын алу жөнінде арнайы ак­ция ұйымдастырылып, бұл іс-шара 16 күнге жалғас­ты. Ме­га­полисте есірткімен кү­рес­ке де ерекше назар қойы­­лып отыр. Осы атқа­рыл­­ған шаруа­лардың нәти­же­леріне кеңі­нен тоқтал­ған қалалық полиция депар­таментінің басшысы, гене­рал-майор Думан Таев еліміз­де отбасылық зорлық-зом­бы­лық, балаларға қатыс­ты қылмыс­тарға жазаның кү­шей­тілгенін тағы бір еске салып өтті.