Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
65 материал табылды

Шымкент • 09 Қаңтар, 2024

Салдарымен емес, себебімен күресу тиімді

Парламент Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы Шымкент қалалық полиция департаментінде кездесу өткізді. Жүздесуде депутат есірткі қылмысына қатысты ашылған қылмыстық істердің 33,6 пайызға артқанын, бұл дабыл қағатын жағдай екенін атты. Алдыңғы жылы 400-ден аса есірткі қылмысы жасалса, соңғы деректе бұл сан 600-ден асып кеткен.

Шымкент • 04 Қаңтар, 2024

Қайта түлеген «Спутник»

Шымкентте жаңа гүлзар ашылды. Кезінде шағын саябақ болған аумақ 90-жылдары жекенің қолына өтіп кетіп, ол жерге сауда орындары жайғасқан болатын. Бұл дүңгіршектер мен сауда, тіпті бірнеше қабатты сау­да ғимараты жанында тұрған көпқабатты үй тұрғындарына тегі қолайсыздық тудыратын. Қаланың Әл-Фараби ауданы әкімдігіне қарасты осы аумақты қайтадан бұрынғы «Спутник» шағын саябағы ету жөнінде тұрғындар шаһар басшысы Ғабит Сыздықбековпен болған есепті кездесуінде өзекті мәселе ретінде көтерген еді.

Білім • 27 Желтоқсан, 2023

Бауырлас елдерді байланыстырған орталық

Шымкенттегі Жұмабек Тәшенов атындағы университет пен Өзбекстандағы Әндіжан мемлекеттік педагогикалық институты арасында меморандумға қол қойылып, Ж.Тәшенов жоғары оқу орнында өзбек тілі және мәдениеті орталығы ашылды. Бұл іс-шара биыл Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі тілдес елдердің арасын жақындастыратын гуманитарлық, мәдени байланыстарды нығайту қажет деген бастамасынан кейін қолға алынып отыр.

Шымкент • 26 Желтоқсан, 2023

Қадағалаушыға – айыппұл

Көлік министрлігіне қарасты «Жол активтері сапасының ұлттық орта­­­лығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шымкент қала­­лық­ филиалының негізгі міндеті – жол құрылысының сапа­сын­ жіті ба­қы­лау.

Оқиға • 15 Желтоқсан, 2023

Өткен күнде белгі бар

Кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан Желтоқсан көтерілісінің бір қаһарманы Шымкентте тұрады. Аты-жөні – Сәбит Исабек. Желтоқсаншы өзінің басынан өткерген қиындықтары туралы әңгіме барысында баяндап берді.

Шымкент • 13 Желтоқсан, 2023

Академияның филиалы ашылады

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Шымкент қалалық әкім­дігінің ұйымдастыруымен мегаполисте «QazScience: жас ғалымдар слеті» өтті. Іс-шараның барысында оңтүстік өңірде академияның филиалын­ ашу жөнінде маңызды шешім қабылданды. Жас ғалымдар жиынында «Ғы­лым­ мен бизнестің интеграциясы: өңірлік индустриялардың өсу жолы», «Тех­но­ло­гия­­дағы инновация: жас ғалымдар үшін перспективалар мен міндеттер» және «Ғылыми революция майданындағы жас ғалымдар: ашылулар, қиындықтар, пер­спективалар» тақырыптары бойынша талқылаулар болды.

Кино • 11 Желтоқсан, 2023

Әмір Темір туралы фильм

«Айка», «Тюльпан» кино­фильм­дерімен халықаралық Канн фестивалінің жүлдегері атанған кинорежиссер Сергей Дворцевой тарихи-шытырман оқиғалы кезекті көркемфильмін түсіруге бел байлап отыр.

Денсаулық • 05 Желтоқсан, 2023

Қызылшаны ұжымдық иммунитет жеңеді

Елімізде қызылша ауруы әлі бәсеңдемей тұр. Бұл дертпен сырқаттанушылардың күрт өсуі Үкіметте күн тәртібінен тыс жиын өткізуге түрткі болды. Бүгінде жұқпалы дерт еліміздің барлық аймағына таралып үлгерді. Соның ішінде ауруды ең көп жұқтырғандар – Шымкент пен Алматы қалалары.

Экономика • 04 Желтоқсан, 2023

Саясатқа байланған сауда жолдары

Қазақстан теңіз жолына шығуға мүмкіндігі жоқ ел екенін білеміз. Алайда ол барлық мемлекетпен тату тұратын біздің ел үшін кедергі емес. Нарықта сұранысы бар, бәсекеге қабілетті тауар болса, оны өткізетін, тасымалдайтын мүмкіндік қашан да табылады. Тек күрделеніп тұрған әлемнің геосаяси сахнасында бұрыннан тәжірибе қалыптастырған «өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын» саясаттан алшақ кетпесек болғаны. Экономика мен саясатты кейде егіз ұғым дерсіз. Оны жалпы әлемдік сауда жолдарындағы бүгінгі ахуалға қарап болжай беруге болатындай...

Руханият • 04 Желтоқсан, 2023

Қилы кезеңнің ғибраты

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапха­насында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жыр-дастаны «Елім-айдың» 300 жылдығына, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимовтің «Абай ғибратнамасы» кітабының тұсаукесеріне орай іс-шара өтті. Жиынды ұйымдастырған – қалалық әкімдік пен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры.