
Айбын • 23 Қаңтар, 2025
Жылдың үздік жауынгер-спортшысы
Қазақстанның үздік әскери қызметшілерін анықтау үшін жыл сайын «Әскер тарланы» атты бүкіл армиялық конкурс өткізіледі. Өткен жылғы осы байқауда Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімі мергендер взводының аға сержанты Асылбек Қарабай жеңімпаз атанды. Ол табандылық пен жоғары әскери дайындық нәтижесінде «жауынгер-спортшы» деген аталымын жеңіп алды.
Таным • 17 Қаңтар, 2025
Араб жиһанкезінің түріктер туралы айтқандары
Ахмад ибн Фадлан әл-Бағдади – Х ғасырда өмір сүрген араб ойшылы әрі жиһанкезі. Оның «Түрік, хазар, орыс, бұлғар елдерін сипаттайтын ибн Фадлан жазбасы» деген әйгілі шығармасы бар. Бұл еңбекте Аббасидтер халифатының Бұлғарияға елшілік жіберуі, оны бастап барған ибн Фадланның Орта Азия мен қазіргі Ресей жеріндегі халықтардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде жинаған құнды деректері келтірілген. Тарихи құжат тұрғысынан өте шынайы әрі маңызды дереккөз болғандықтан, қаншама ғасыр өтсе де тарихшылар әлі күнге шейін ибн Фадлан еңбегіне сүйенеді. Араб жиһанкезі викингтердің өмір салты туралы да керемет жазбалар қалдырған.
Мәселе • 15 Қаңтар, 2025
Жұрт пікірін екіге жарған су мәселесі
Халықты ширек ғасырдан аса уақыт бойы үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етіп келе жатқан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мен жергілікті әкімдік арасында талас-тартыс басылмай тұр. Қала әкімдігі аталған кәсіпорынды стратегиялық нысан ретінде мемлекет меншігіне қайтаруды көздесе, серіктестік басшылығы оны заңсыз деп тауып, өз қарсылығын білдіріп жатыр.
Заң мен Тәртіп • 24 Желтоқсан, 2024
Бюджет қаржысын жымқырғандар жазасын алды
Шымкент қалалық прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Бақытжан Байғозиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылықтар жөнінде статистикалық мәліметтерді баяндады. Ол биыл 11 айда мегаполисте жасөспірімдер жасаған қылмыс саны азайып, кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны өскенін айтты.
Шахмат • 01 Қараша, 2024
Әлемнің үздік шахматшы қыздары Шымкентте бас қосты
Шымкентте «KazChess»/Қазақстан шахмат федерациясы Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ), «Freedom Holding Corp» компаниясының қолдауымен әйелдер арасындағы 2024–2025 жылғы ФИДЕ Гран-приінің 2-кезеңі басталды. Бұл ауқымды турнирге қатысуға әлемнің мықты 10 шахматшы қызы Шымкентке жиналды. Олардың арасында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы – 45-шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері Бибісара Асаубаева да бар.
Сұхбат • 04 Қазан, 2024
Алина Соловьева, мұғалім, Қазақстанның Еңбек Ері: Марапат адал мұғалімді өзі іздеп табады
Елімізде Қазақстанның Еңбек Ері атағын алған үш педагог болса, соның бірі – Алина Соловьева. Ол қазір Шымкент қаласы Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында биология пәнінен сабақ береді. Отыз үш жылдық еңбек тәжірибесінде ұстаз 20 республикалық, 5 халықаралық пән олимпиадасының жүлдегерлерін дайындады. Ең жоғары награданы алған оған талай қызмет ұсыныпты. Бірақ кәсібіне адал жан оның барлығынан бас тартып, қарапайым мұғалім болып қала бергенді жөн санаған. Өйткені ұлағатты ұстазға шәкірт тәрбиелеу, олардың әрбір жетістігіне қуану, оқулық жазып, артынан үлкен мұра қалдырудан артық бақыт жоқ. Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында мектеп-гимназияның қарапайым мұғалімі әрі биология пәні оқулығын құрастырушы авторлардың бірі А.Соловьевамен педагогика саласы, кітап шығару ісі төңірегінде сұхбаттасқан едік.
Өндіріс • 02 Қазан, 2024
Керамогранит өндіретін ірі зауыт
«Жұлдыз» индустриалды аймағында Орталық Азияда теңдесі жоқ «Wan Sheng Ceramic» ЖШС-на тиесілі керамогранит өндіретін зауыт ашылды. Кәсіпорын қазақ-қытай бірлескен инвестициялық жобасының аясында құрылды. Жалпы құны – 25,5 млрд теңге.
Шымкент • 13 Қыркүйек, 2024
«Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы өтті. Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова төрағалығымен өткен жиынға қалалық әкімдікке қарасты басқармалардың, қаржы институттары мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» өкілдері, «Kazakh Invest» АҚ мен қалалық креативті индустрия және іскер әйелдер қауымдастығының жетекшілері қатысты.
Туризм • 06 Қыркүйек, 2024
Шымкент – республикада туризмнің дамыған орталығы болуға сұранып тұрған аймақ. Осыған байланысты мегаполисте туризм саласын өркендетуге қатысты іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Мегаполиске саяхатшыларды тарту бойынша арнайы жоспарлар мен тұжырымдамалар да түзілген. Қазір оларды жүзеге асыру бағытынды тиісті мемлекеттік органдар мен осы жауапкершілікті мойнына алған арнайы мекемелер қызу жұмыс жүргізіп жатыр.
Өндіріс • 06 Тамыз, 2024
Қала іргесіндегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан «ЕвроКристалл» ЖШС шыны банкілер, сусындарға арналған шыны бөтелкелер шығарумен айналысады. Химия өнеркәсібінен бастап тамақ, тіпті медицина саласында да шыныға деген сұраныс өте жоғары. Бұрын банкі мен бөтелке импортталатын. Енді отандық кәсіпорын іске қосылғалы шетелдік өндірушілермен бәсеке орнап, жергілікті базар, сауда нүктелері шыны ыдыстармен толықты.