Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Құтқарушыларға көлік пен пәтер кілттері тапсырылды
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар қызметі жаңа көліктермен толықты. Өрт сөндіру мен құтқару техникалары ТЖД материалдық-техникалық базасын нығайту бағдарламасы аясында жеткізілді. Көлікпен бірге ТЖД 25 қызметкеріне жергілікті «Қамқор» бағдарламасы арқылы ипотекалық пәтер кілттері мен арнайы киімдер тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 14 Шілде, 2025
Ваучер жүйесіндегі жемқорлық мәселесі талқыланды
Шымкентте қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері бірыңғай ваучер жүйесін ашық талқылады. Жиналғандар пилоттық жобаға қатысты пікір білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Маусым, 2025
Шымкентте кәсіпкерлерді қабылдау күні өтті
«Заң мен тәртіп» ұлттық бастамасы аясында іскер азаматтардың құқықтарын қорғау, проблемасын шешу мақсатында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында қабылдау күнін өткізді. Іс-шарада экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы мен Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова бизнес өкілдерінің түрлі сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 27 Маусым, 2025
Шымкент жастары нашақорлыққа қарсы
Дүние жүзінде 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі. Бұл дата Қазақстан үшін де маңызды. Өйткені нашақорлық болашақ ұрпақтың тамырына балта шабумен бірдей. Осы орайда жуырда Шымкентте «Таза өмір – сенің таңдауың» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараны қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Осы жиында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткен нашақорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Маусым, 2025
Шымкентте жасалған дәрі-дәрмек енді шетелде сатылады
Шымкентте дәрі-дәрмек өндіретін «Химфарм» АҚ жаңа тауарлық бренді Еуропалық Одақтың GMP сертификатын таныстырды. Бұл құжат кәсіпорынның өндірісі халықаралық сапа стандартына толық сәйкес екенін растайды. Және келешекте отандық дәрі-дәрмек экспортын әлемдік нарықтарға шығаруға кең жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Маусым, 2025
Жүрек орталығы тағы бір азаматқа жаңа өмір сыйлады
Шымкент қаласының Жүрек орталығында үшінші рет жүрек алмастыру операциясы өтті. Донорлық жүрек мегаполисте мұғалім болып жұмыс істейтін 41 жастағы азаматқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Маусым, 2025
Прокурор «Тәшенев тартуы» білім гранты иелерімен кездесті
Шымкент қаласының прокуроры, үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, генерал Ғабит Мұқанов, Жұмабек Тәшенев университетінде оқып жатқан «Тәшенев тартуы» білім гранты иегерлерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2025
Шымкентте үш кәсіпорын іске қосылды
Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық және «Жұлдыз» индустриалық аймақтарында үш өндіріс орны ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Маусым, 2025
Шымкенттің үздік трансплантолог-дәрігері
Шымкент республиканың медициналық туризм орталығы саналады. Қалада трансплантология саласы қатты дамыған. Бауыр-бүйрек алмастыру операциясы өте көп жасалады. Соның арқасында қаншама науқас өмірін сақтап қалып жатыр. Осы еңбектің артында білікті тәжірибелі дәрігерлер, орта медициналық мамандар тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 19 Маусым, 2025
Шымкент соты дәмханаларға қатысты шешім шығарды
Шымкент қаласында сот шешімімен кезінде заңсыз жекешеленіп кеткен жерлер мемлекетке қайтарылып, ал ондағы құрылыс нысандары сүріліп жатыр. Мәселен қаланың қақ ортасындағы «Қиял әлемі» саябағы мемлекетке өтіп, ондағы коммерциялық нысандар заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.