Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1292 материал табылды

Ауыл • 15 Тамыз, 2023

Ауылды өркендетуге арналған агрофестиваль

Батыс Қазақстан облысында «Agrofest Batys-2023» атты егін­жай күні мерекесі өтті. Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылы маңында өткен іс-шараға еліміздің әр өңірінен және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан 500-дей қонақ қатысты.

Қоғам • 10 Тамыз, 2023

Ауылда қоқыс қалмайды

Биыл мамыр айынан бастап Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, шағын бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жарақтандыруға, «Жасыл белдеу» және «Сүт белдеуі» жобаларына бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске асырыла бастады. Бұл үшін республика бюджетінен 6,4 млрд теңге бөлінді. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына 5-7 жыл мерзімге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.

Аймақтар • 10 Тамыз, 2023

Тазалыққа құштар балақайлар

Кезекті матчтан кейін стадионды тазалап кететін жапондық жанкүйерлер есіңізде ме? Тура сондай үрдіс Орал қаласында да басталды. Бастаған – 10 жасар Әлихан Нұрзатұлы.

Олимпиада • 08 Тамыз, 2023

Халықаралық олимпиададан – қола медаль

Грекияда өткен Халықаралық экономикалық олимпиадада (IEO) оралдық оқушы Нұрдәулет Хайдар қола медаль жеңіп алды.

Ең қысқа әңгіме • 04 Тамыз, 2023

Қуанай хазіретке тақта орнатылды

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауы­лын­да кеңестік репрессия құрбаны, Алаш қайраткері Қуанай хазірет Қосдәулетұлына ескерткіш тақта орнатылды.

Мәдениет • 03 Тамыз, 2023

Жайыққа жырау келген күн

Орал қаласында жырау шақырып, бағзы замандағыдай жыр кешін ұйымдастыру соңғы жылдары біраз азаматтың көкейінен шықпай жүр еді. Жайқалған жаздың бір сәтті күні оның да орайы келді.

Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Киік кесірі: Шаруалар өтемақы сұрайды

Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтары дабыл қағып жатыр. Облыс аумағында 1,3 млн га жер киік табанының астында қалып, зардап шеккен. Өңірдегі шаруалар жайылым мен шабындық, кей жерде тіпті егіс алқабы бүлінгенін айтады. Шұғыл түрде республика бюджетінен көмек болмаса, биылғы қысқа қажетті мал азығы жиналмайын деп тұр.

Қоғам • 24 Шілде, 2023

Алаяқ үптеген 769 млн теңге

Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдеріне қатысты тергеу жұмысын бастады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Көрме • 20 Шілде, 2023

Үздіктер Астанаға барады

Орал қаласында «Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы ұйымдастырған іс-шараның басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау.

Білім • 13 Шілде, 2023

Әкімнің гранты

Батыс Қазақстан облысы кейбір салада көп жылдан бері қалыптасқан маман тапшылығын жергілікті бюджеттен білім грантын беру арқылы шешуге тырысып келеді.