Ғылым • 10 Қаңтар, 2025
Ұлттық ғылым академиясы Жоғары ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды
Үкіметтің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Жоғары ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҒА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 09 Қаңтар, 2025
Деректер журналистикасының курсы
Алматыда өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау күніне орай «Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: мақсаттар, сын-қатерлер және адам құқықтары» атты халықаралық конференция аясында Орталық Азия елдерінің мамандары бірлесіп жазған «Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» таныстырылды.
Ғылым • 01 Қаңтар, 2025
Ғылымға ашықтық пен айқындылық маңызды
2024 жылы ғылымды дамыту мақсатында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Ғалымдардың мәртебесін арттырып, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысын көтеру, ғылыми зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатысуын қамтамасыз ететін құқықтық тетіктер жасалды.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024
Әділетті қоғамның тірегі – адал адам
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты екінші отырысында қоғамда жаңа этика қалыптастыру, елдің бірлігі және тұрақтылығын сақтауда, жауапкершілік құндылықтарын арттыра отырып, өскелең ұрпақ тәрбиесіне басты назар аудару қажеттігін атап өткен болатын. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында отаншылдық, адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңіру, сапалы білім мен өнегелі тәрбиені ұштастыру руханият, тәрбие ісіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.
Білім • 29 Желтоқсан, 2024
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аталып өтті
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 26 Желтоқсан, 2024
Аграрлық университетте ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу орталығы ашылды
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Қазақстан Қытай ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу және оқыту орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына ҚХР Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым, ҚХР ғылым және технологиялар бойынша консулы Жанг Вэй, EAVISION компаниясының директоры Цзай Хой қатысты.
Құрылыс • 24 Желтоқсан, 2024
Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының жас ғалымдары мен зерттеушілері «Alumen Group» компаниясымен келісімшарт негізінде әзірлеген инновациялық макеттерін құрылыс саласына сәтті енгізді.
Ғылым • 13 Желтоқсан, 2024
Халықаралық форумда ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Алматыда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан ғылымын дамыту мәселелері: басымдықтар мен сын-қатерлер» атты халықаралық форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 13 Желтоқсан, 2024
Академик Әбдуәли Қайдардың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, ана тілінің абызы, академик Әбдуәли Қайдардың туғанына 100 жыл толуына орай «Мәдениет өркениет жаһаният контекстіндегі гуманитарлық ғылым: тіл, этнос, қоғам» тақырыбында халықаралық конгресс өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2024
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Алматыда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау күніне орай «Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: мақсаттар, сын-қатерлер және адам құқықтары» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шара барысында «Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» таныстырылды.