Taza.kz
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
209 материал табылды

Қоғам • Кеше

Озық оқырмандар олжаға кенелді

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Кітап оқып, тұлға боламын» республикалық сайысы өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

Жансарай • 05 Маусым, 2026

Мұхтарбай Өтелбайұлы: Ғылымның бағытын елдік мүдде айқындайды

Академик Мұхтарбай Өтелбайұлын жұртшылық жақсы біледі. Ғалымның жетекшілігімен 70-тен астам кандидаттық және онға жуық докторлық диссертация қорғалды. Қазіргі таңда көрнекті ғалым Алматыдағы Математика және модельдеу ғылыми-зерттеу институтында қызмет істейді. Біз бүгін физика-математика ғылымдарының докторы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұхтарбай Өтелбайұлымен математикадағы ғылыми зерттеулердің қоғамға пайдасы мен қолданысы туралы әңгімелескен едік.

Зерде • 05 Маусым, 2026

Қазақ бөлімін ашуға бастамашы болған ғалым

Белгілі тілші, тер­минолог-ғалым, про­фессор Жәкен Мол­дажаровтың туғаны­на 95 жыл толуына орай Қа­зақ ұлттық қыздар универси­те­тінде «Мемлекеттік тіл және әлем тілдерін оқыту: тәжіри­белер мен жаңа технологиялар» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Білім • 04 Маусым, 2026

Шағын мектептердің мүмкіндігі қандай?

Биылдан бастап «Qazaq Digital Mektebi» жобасы қанатқақты режімде еліміздің жеті облысында іске асады. Білім сапасын арттыруға бағытталған жоба шалғай ауылдардағы шағын мектептерді қамтып, оқушыларға, мұғалімдерге жаңа технологиялар қолжетімді болмақ.

Ғылым • 14 Сәуір, 2026

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы еліміздің жетекші ғылыми орталықтары, Қытайдың ғылым академия­сы, Чжэцзян тех­но­ло­гия­лық университеті ғалымдарымен бірлесіп, Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» мекемесінде арнайы кеңес өткізді.

Сұхбат • 10 Сәуір, 2026

Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор

Биыл Р.Сүлeймeнов aтындaғы Шығыстaну институтының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бүгінде Ортaлық Aзия aймaғындaғы шығыстaну сaлaсының жeтeкшi ғылыми зeрттeу ортaлығынa aйнaлған институт алыс-жақын шетелдермен ынтымақтасып, ел тарихына қатысты құнды деректерді зерттеумен айналысып келеді. Осы орайда аталған институттың бас директоры, белгілі қытайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкeн Мәсiмхaнұлымeн шығыстану ғылымының дамуы туралы әңгімелескен едік.

Ғылым • 07 Сәуір, 2026

Шикізаттан композитті өнімге дейін...

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі Металлургия және кен байыту институтының тарихы өте бай. Аталған ғылыми орталық алғашқы құрылғаннан бастап еліміздегі жоғары таза металдар мен перспективалы материалдар алу саласында іргелі және қолданбалы бірегей зерттеулер жүргізіп келеді. Осы жылдары қаншама технологиялық жобалар әзірленді. Ғылыми жаңалықтар ашылды. Сондай-ақ металлургиялық үрдістер теориясының дамуы мен әлемдегі түсті металлургия кәсіпорындарында қолданылатын прогрессивті технологияларды жасауға ықпал етті.

Мирас • 03 Сәуір, 2026

Зерлеп тігу шебері

Дизайнер-реставратор, Суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаит отыз жылдан астам көне мұраларды жаңғыртып, алтын жіппен кестелеп тігу өнерін зерттеп, жә­дігерлерді қалпына келті­румен айналысып келеді.

Ғылым • 02 Сәуір, 2026

Ғылыми өріс бастауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми қауымдастық алдында сөйлеген сөзінде ғылым мен бизнестің жүйелі интеграцияланбай отырғанын атап өтті. Ғылымға бөлінетін қаржы өсіп келеді. Ғылыми ұйымдар мен ғалымдардың да саны артқан. Алайда ғылымның экономикадағы үлесін нақты көре алмай отырмыз.

Өнер • 28 Наурыз, 2026

Жүз күй білетін жауынгер

Алматы қаласындағы Ұлттық ұлан 5571 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Әзиз Темірбек жауынгерлік міндетін абыроймен орындаумен қатар, әскерилер арасында ұлттық өнерді насихаттап жүр.

Яндекс.Метрика