Білім • 23 Қаңтар, 2025
Өңірде өткен жылдан бастап экспериментальді білім беру бағдарламасы енгізіліп, білім ошақтарындағы жоғары сынып оқушылары жұмысшы мамандықтарын игеріп отыр.
Тағзым • 21 Қаңтар, 2025
Таяуда Атбасар қаласында көрнекті қаламгер Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай жазушының рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Шаруашылық • 18 Қаңтар, 2025
Бал арасы – бақуаттылықтың бастауы
Ел еңсесін көтеретін құдірет еңбек дейтін болсақ, тырбанып тіршілік еткен кез келген қарекет тым жақсы. Ал бал арасын баптау – өзгеше өнеге. Жеке кәсіпкер Сергей Шмидтпен облыс орталығындағы базарда жолықтық. Бал іздегенбіз. Сатушы болғанымен, сапасы әрқилы болуы әбден мүмкін. Таңдаудың өзі бір машақат. Тұтынушыларға бал ұсынып тұрғандардың бәрі дерлік – өзге ұлт өкілдері. Араның тілін ұғатындар осылар ғана тәрізді. Әлден уақытта «Аға, менің балымды алсаңызшы», деген дауыс естілді. Назар салсам, сарғыш өңді өзге ұлттың азаматы. Тілі тіпті жатық. Кейбір ағайыннан артық. Сөйтсем, Сергей Мартынович Зеренді ауданына қарасты Ескенежал ауылының тұрғыны екен.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2025
Көкшенің қытымыр қысы қорадағы малға, даладағы аңға сын. «Ерте қамданғанның есесі кетпейді» дегендей, уақытында қамданып, азығын сайлағанның азбайтындығы белгілі.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Атбасарда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығы атап өтілді
Атбасар қаласында көрнекті қаламгер Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай жазушының рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Ақмола облысында тағы бір «Жайлы мектеп» ашылды
Таяуда облыс орталығының Сарыарқа шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынған, 1500 оқушыға арналған заманауи білім ордасы пайдалануға берілді.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Макинскіде құтқару қызметі жүйесі жаңартылды
Қазақстанның құтқару қызметтерінің жүйесін жаңарту мақсатында Макинск қаласында өрт сөндірушілер мен медициналық персоналдың міндеттерін біріктіретін жаңа мамандандырылған бөлімше ашылды.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2025
Қатардағы учаскелік инспектор – қызмет барысындағы іс-қимылы арқылы ел алғысын арқалап жүрген абзал азаматтың бірі. Әуел баста осы қызметті жан-тәнімен қалағандықтан ба екен, нар тәуекелді тілейтін қауіп-қатер көп тұста тізгін тартып көрмепті.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025
Бозайғыр ауылында диеталық, профилактикалық тағам өндіретін заманауи зауыт ашылды. Жаңа өндіріс орны «HealthInvest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен іске қосылды.
Ең қысқа әңгіме • 09 Қаңтар, 2025
Солтүстік өңірде ықылым заманнан бері жалғасып келе жатқан омыртқаға шақыру дәстүрі бар. Желтоқсан айында жұрт соғымға арнаған малын кезектесіп жыға бастайды.