![Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ](/media/2022/09/13/055815764200.jpeg?width=300&height=300)
Қаржы • 27 Маусым, 2024
Кейінгі бірнеше күнде долларға қатысты теңге бағамы біраз шайқалып кетті. Анығында күрт әлсіреп 1 доллар 460 теңгеге дейін құнсызданды. Сарапшылардың сөзінше, бұл – 2024 жылдың ақпан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ұлттық валюта өзінің ең ауыр құнсыздану деңгейіне шықты деген пікірлер жиі айтыла бастады. Жарты жыл тоқтаусыз нығайған ұлттық валютамыздың «күшею» траекториясынан аттап өтіп, белгісіз бағытқа бет алғаны байқалып қалды.
Экономика • 25 Маусым, 2024
Экономиканы әртараптандыру: Мұнайды не алмастырады?
Мұнай – біз үшін қомақты табыс әкелетін экономикалық бонус. Алайда шикізатқа тәуелді болу басқа салалардың дамуын тежейтіні белгілі. Мемлекет басшысы да бұл жөнінде «Қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кетті. Жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру керек. Оны сапалы және сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды» дегені белгілі.
Санкция • 18 Маусым, 2024
Қор биржасындағы жағдай: Қазақстанның қаржы секторына қалай әсер етеді?
Апта ортасында АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы («OFAC») «Мәскеу биржасына» (мұнда Қазақстан қор биржасының 13 пайыз пакеті бар) санкция салынғанын хабарлады. Сол күні түс ауа Ұлыбритания да «Мәскеу биржасына» қарсы санкция енгізгенін жария етті. Британ үкіметінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес санкцияларға Санкт-Петербург биржасы, Ұлттық клиринг орталығы (NCC) және Ұлттық есеп айырысу депозитарийі (NSD) де кірді.
Алматы • 29 Мамыр, 2024
ХХI ғасыр әлемдік урбанизация үдерісін жылдамдатып, ірі мегаполистерді миграциялық тартылыс нүктесіне айналдырып жіберді. Ғаламдық құбылыстың жаңғырығы Алматыға да әсер етті. Қала соңғы жиырма жылдың бедерінде етек-жеңін кеңге жайып, елдегі ірі мегаполиске, мемлекеттің ең басты донорына айналып, қазақ экономикасының ғана емес, қазақ бизнесінің де ірі орталығына айналып үлгерді. Қазір Алматының ел экономикасындағы үлесі – 20 пайыз.
Қаржы • 15 Мамыр, 2024
Қордағы қаржы құтаймай барады... Дағдарыстан сабақ алу қажет
Бюджеттің кем-кетігін жабу үшін Ұлттық қорға қайта-қайта қол сала беру әдетке айналды. Бұған дейін Ұлттық қордағы қаражатқа тәуелділіктен арылу туралы бастама бірнеше рет көтерілді. Бірақ сәуірде қор тағы 200 миллиардқа – 28,8-ден 28,6 триллион теңгеге дейін қысқарды. Шөміш ұстаған шенділер қазанның түбіне қарамайтын секілді...
Логистика • 14 Мамыр, 2024
Тасымал табиғатын түсіне алдық па?
Контейнерлік тасымалдау сегментіндегі тәуекелдер мен шешімдер отандық логистика әлеуетін арттыруда аса маңызды болып тұр. Сарапшылардың айтуынша, көптеген көлік компаниялары логистика саласындағы активтерге – терминалдарға, жылжымалы құрамға назар аудара бастады. Соған қарамастан елімізде логистикалық активтер тапшылығы сақталып отыр.
Қаржы • 01 Мамыр, 2024
Арзандамайтын алтын табысты еселеудің амалы ма?
Қолдағы басы артық ақшаны айналымға салар қаржы құралдары көз алдымызда әртараптандырылып жатыр: банк салымы, акция, облигация, фьючерстер. Солардың арасында алтынның маңызы ерекше. Оның құнын жоғалтқан кезі аз. Осы аптада сынамалы алтынның 1 троя унциясы 3000 долларға дейін көтеріледі деген пікір батылырақ айтылып кетті. Қазіргі баға – 2 391 доллар.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2024
Бүгін, Алматыда өткен «ESE ASIA-2024» халықаралық контейнерлік форумында соңғы бір жылда компанияҚазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымалдау көлемін айтарлықтай арттырғаны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Депозит • 24 Сәуір, 2024
Бала болашағын «AQYL»-мен бастаңыз
Биылдан бастап «Отбасы банк» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (ББЖЖ) қатысушысы болды. Оның шеңберінде азаматтарымыз сенімді ипотекалық банкте «AQYL» атты білім беру жинақтау салымын аша алады. Салым отандық немесе шетелдік білім беру мекемелерінде оқу ақысын төлеуге арналған.
Қаржы • 23 Сәуір, 2024
Ұлттық банк (ҰБ) наурыз айында Ұлттық қордан 748 млн доллар сатқан. Сәуір айындағы көрсеткішті 1-1,1 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Демек күн сайын айналымға 50 млн доллардан жібереді. Валюта сатудан түскен қаражат республикалық бюджетке трансферт ретінде түседі. Сәуірде БЖЗҚ үшін шетел валютасын сатып алу 450-500 миллион долларды құрайды.