Саясат • 21 Сәуір, 2023
Мәселе әлеуметтік көмекпен шешілмейді
Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кететінін, Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отырғанын ашып айтты. «Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті мәселені ушықтырады деуге болады. Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ. Азық-түлік инфляциясының басты себебі де осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз», деді Мемлекет басшысы.
Мәселе • 19 Сәуір, 2023
Жаңа технологиясыз жылу орталығы
Жыл басында Екібастұз пен Риддердің жылу орталықтарындағы болған апатты жағдай алматылықтарды да алаңдатып қойды. Өйткені алып шаһарда да жағдай аса мәз емес. Осыған дейінгі баспасөз жиындарында «Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамына қарайтын стансаларында негізгі жабдықтардың тозу дәрежесі 78 пайызға жеткені туралы сан мәрте айтылған-ды. Енді соның бәрін көзбен көрудің, 60 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан желілердің қазіргі жағдайымен танысудың сәті түсті.
Қоғам • 19 Сәуір, 2023
Алматы қаласындағы №29 балалар кітапханасында қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, елші Мұрат Әуезовтің 80 жасқа толуына орай кездесу кеші өтті.
Қоғам • 18 Сәуір, 2023
Алматыда, №29 балалар кітапханасында «Мұрат Әуезовпен әдеби қонақжай» атты кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2023
Шекара бойынан алыстап барамыз...
Шекаралық аудандардағы халық саны жыл өткен сайын азайып барады. Бұл жайында осыған дейін талай рет айтылды. Жазылды да. Жыл сайын 3-4 мыңға жуық ауыл тұрғыны тұрмысқа жайлы мекен іздеп облыс орталықтарына қоныс аударып, ел шеті жалаңаштана бастады. Осыған дейін «халқы азайған елді мекендердің келешегі жоқ» деген пікір басым болды. Оның ар жағында «қаржы үнемделеді» деген жымысқы емеурінді де ел жазбай таныды. Елдің шығысы мен солтүстік шекарасындағы ауылдардың иесіз қалуына осындай көзқарас себеп болды.
Құрылыс • 12 Сәуір, 2023
Көлеңкелі нарықтың құрығы ұзын
Алматының тұрғын үй нарығы іштен тынып, «турбулентті» аймақтың құрсауында тұншыға бастағаны осыған дейін айтылған. Ауқымды құрылыс жұмыстары 2005 жылдардан басталды. Қазақстанда «алданған үлескерлер» деген үлкен «әлеуметтік» топ сол кезде пайда болды. Құрылыс материалдары мен жұмыс күшінің қымбаттағанына қарамастан, арзан бағада үй ұсынатын компаниялардың әрекеті 28 жыл бұрынғы оқиғаларды қайта еске салып тұр.
Инфляция • 12 Сәуір, 2023
Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде қалдырды. Осылайша, инфляциямен жоғарғы база арқылы күрес жалғаса бермек. Біз ғана емес, әлемнің алпауыт елдері инфляцияға пайыздық мөлшерлемені қалқан ете бастады. Бұл инфляцияны тұрақты өсіммен емес, қымбат ақшамен ұстауға шешім қабылданғанын байқатады.
Энергетика • 05 Сәуір, 2023
Энергетика нарығын дамытудың үлгісі
Президент биыл қыста кейбір аймақтардың жылусыз қалғанын айтып, энергетика инфрақұрылымы жұмысын сынға алды. «Инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды қайта қарау қажет. Биылғы қыстың қалай өткенін баршаңыз білесіздер. Қыстың көзі қырауда бірқатар қала мен елді мекендер жылусыз қалды. Әбден тозған энергетика инфрақұрылымы әрең жұмыс істеп тұр», деді Мемлекет басшысы.
Экономика • 30 Наурыз, 2023
Бензин бағасы ЕАЭО нарығындағы бағамен теңессе...
Бензин немесе дизельді отын бағасын Үкіметтің пәрменіне бағындыру қиындап барады. Биыл да жылда қайталанатын жағдай алқымнан алып тұр. Үкімет жылдағы әдеті бойынша бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгілеу жоспарланып отырғанын айтты.
Дағдарыс • 30 Наурыз, 2023
Дағдарыс тағы да қайталана ма?
Әлемдік қаржы сегментінің назары Америка Құрама Штаттарына ауып тұр: АҚШ-тың банк секторындағы проблемалар 10 наурызда 200 миллиард доллар активі бар Silicon Valley Bank жабылды. Ол Америкадағы он алтыншы ірі банктің бірі және IT және медицина саласындағы жаңа жобаларды қаржыландыратын бірден-бір институт болды. Санаулы күн ішінде инвесторлар салымдарын алып кетуінен мемлекеттік реттеуші банкті жабуға мәжбүр болды. Салдарынан JP Morgan және Wells Fargo секілді Американың төрт ірі банкі бір-ақ күнде 52 миллиард долларынан айырылды. Қор нарықтары да екі пайыздай құнын жоғалтты.