Экономика • Кеше

Тәуелсіз сарапшылар платформасын қалыптастыратын кез келді - Сарапшылар пікірі

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  кешегі өткен Ұлттық Құрылтайда қоғамда қызу талқыланып жатқан салық реформасына қатысты пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Тәуелсіз сарапшылар платформасын қалыптастыратын кез келді - Сарапшылар пікірі

«Салық жүйесі, бұл – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі. Бюджетте қаржы болмаса, мемлекет өз міндетін толық атқара алмайды, әлеуметтік міндеттемелер де орындалмайды. Бұл туралы жаңа ғана белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев жақсы айтып өтті. Сондай-ақ Құрылтай мүшелері Қайырбек Арыстанбеков, Марат Башимов, Ерлан Саиров, Расул Рысмамбетов және Мұрат Әбенов салық-бюджет мәселесіне қатысты орынды пікір білдірді» деді Мемлекет басшысы.

Президент айтып өткендей, «жұрттың  бәрі экономист немесе қаржыгер емес. «Мемлекеттің қандай шараны не үшін қолға алып жатқанын бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін. Сондықтан реформаның мәнін әр адамға түсінікті тілмен жеткізу керек» дейді Мемлекет .

Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар, жалпы алғанда, дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген.

Мемлекет басшысы аттарын атап өткен, Ұлттық құрылтай жұмысына қатысқан  сарапшылар баспасөзде жиі аталатын  айтары бар тұлғалар. Құрылтай жұмысына қатысқан Расул Рысмамбетов реформалар барысындағы пікір сарапшылардың  басылым бетіндегі пікірлері арқылы қалыптасатынын айтады. Бірақ бізде Жақсыбек Құлекеев тәрізді белгілі бір салаға маманданған мамандар аз. Сондықтан экономиканың жекелеген салалаларына маманданған тәуелсіз сарапшылар платформасын қалыптастыратын кез келді. Экономикалық реформаларды жаңғырту, тереңдетуді қажет ететін қазіргі кезде бұл міндеттің салмағы   одан сайын маңызды.

Мұндай пікірді келесі сарапшы Мұрат Темірханов та қолдайды. Сондай-ақ сарапшы Парламенттің экономикалық блогының сапасына ерекше мән беру қажеттігін айтады. Бізге де ән де керек, мәдениет те керек. Бірақ экономикалық сауаттылық бәрінен де маңызды. Қазіргідей экономикалық интеграциялар тереңдеп бара жатқан заманда білікті сарапшылар қауіп жай жақтан екенін ескертіп, құлағдар етіп отыру керек.

«Осыған дейін тәуелсіз сарапшылар пікірі тиісті нүктелерге жетпейтіндей пікір қалыптасқан. Қазір бұл күдік сейілді. Енді сарапшыларымыз кәсіби біліктілігіне мән беру керек» дейді Мұрат Темірханов.