Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Қазақстан неге жерасты суының 3-4%-ын ғана пайдаланып отыр?
Ресми деректерге сәйкес, елімізде жерасты суларының бекітілген пайдалану қорлары тәулігіне шамамен 43,1-43,2 млн текше метрді құрайды. Алайда іс жүзінде осы көлемнің небәрі 3-4%-ы ғана пайдаланылып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2026
Түркістанға көктем ерте келді: Нәурізек құсы оралып, бәйшешек гүлдеді
«Сырдария − Түркістан» өңірлік мемлекеттік табиғи паркінің қызметкерлері көктемнің жаршысы саналатын нәурізек құсы қайта оралып, даланы әсем әнге бөлегенін сүйіншілеп хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Сауранда су шайып кеткен көпір қалпына келтірілді
Сауран ауданы Абай ауылындағы Жаңақорған өзенінің үстінен өтетін шағын көпірге жауын-шашынның мөлшерден тыс көп түсуіне байланысты зақым келген болатын. Табиғи жағдайға байланысты зақым келген көпір қысқа мерзім ішінде қалпына келтірілді. Сондай-ақ арнайы техникалармен өзен арнасының жан-жағы қазылып, су ағысының бағыты реттелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды
Түркістан облысы «Қазығұрт» индустриялық аймағында «ЮКГУ» ЖШС-ның «Газобетон блогы» өндіріс орны іске қосылды. Жалпы инвестициялық құны – 273 миллион теңге болатын өндіріс орны тәулігіне 200 текше метр өнім шығаруға қауқарлы. Онда 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2026
Созақ ауданы табиғи газ желісіне қосылды
Түркістан облысының Созақтан басқа барлық аудан, қаласы газбен қамтылған, тек аталған ауданда бұл мәселе шешілмеген еді. Енді Созақтың тұрғындары да газдың игілігін көріп, тұрмыс сапасын жақсартады. Ауданда АГТС-ы бар магистральды газ құбыры, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газбен жабдықтау желілері іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 13 Ақпан, 2026
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Түркістан облысында инвесторлардың құқығын қорғау мақсатында «прокурорлық сүзгі» жүйесі арқылы былтыр 41 заңсыз әкімшілік істі келісуден бас тартылып, 12 инвесторға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды. Соңғы екі жылда мемлекеттік органдардың 300-ге жуық шешімі зерделеніп, нәтижесінде 62 әкімшілік істі қозғаудан және 21 тексеруді тағайындаудан бас тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Армрестлингтен әлем чемпионына 5 бөлмелі үй сыйға берілді
Қол күресінен әлемге танымал «Шардара армспорт» клубы еліміздің көк туын әлемдік және халықаралық ареналарда желбіретіп жүрген үздік спортшыларына ерекше құрмет көрсетіп, арнайы сыйлықтар табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2026
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада салмағы 6015 грамм, ал бойы 63 см болатын алып сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2026
Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды
Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округіне қарасты шалғайда орналасқан Шайхана және Қарақалпақ елді мекендерін газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылы ақпан айында басталып, биылғы қаңтарда толық аяқталды. Нәтижесінде екі елді мекенде 207 абонент табиғи газға қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2026
12,3 млрд теңге шығын: Түркістан жолдары неге мерзімінен бұрын бұзылған?
Түркістан облысында ауыр жүк тасымалдаушылар тарапынан 2 720 құқық бұзушылық анықталып, 437,1 млн теңге айыппұл салынған. Ауыр жүк көліктерінің жолдарға келтіретін жылдық шығыны орта есеппен 12,3 млрд теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.