Аймақтар • Кеше

Созақ ауданы табиғи газ желісіне қосылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Созақтан басқа барлық аудан, қаласы газбен қамтылған, тек аталған ауданда бұл мәселе шешілмеген еді. Енді Созақтың тұрғындары да газдың игілігін көріп, тұрмыс сапасын жақсартады. Ауданда АГТС-ы бар магистральды газ құбыры, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газбен жабдықтау желілері іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Созақ ауданы табиғи газ желісіне қосылды

«Газбен қамту бойынша 2025 жылы облысымызда 87 нысанның құрылысы қолға алынды. Соның ішінде 45 жобаның құрылысы аяқталып, 70 мың халқы бар 41 елді мекен табиғи газбен қамтылды. Өткен жылдың  қорытындысы бойынша 606 елді мекен газбен қамтылып, 1,9 млн-нан астам тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көрді. Бүгін іске қосылған жоба – сол жұмыстардың нақты нәтижесі», деді салтанатты шарада аудан тұрғындарын тарихи оқиғамен құттықтаған облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Салтанатты шара барысында Шолаққорған ауылдық округіндегі табиғи газ желілері ресми түрде іске қосылып, тұрғын үйде газ жағу рәсімі өткізілді. Жобаның жалпы құны – 4,1 млрд теңге, қуаттылығы – 30 000 м³/сағат. 

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

Айта кетейік, құрылыс мерзімі 2019 жылы басталып, 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Аталған жоба толық іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылдық округіндегі 4 600 тұрғын үй табиғи газбен қамтылады.

Бір жыл ішінде 123 елді мекен табиғи газбен қамтылды

Соңғы жаңалықтар

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06

Жасанды интеллект жаңылса, кім жауапты?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:13