Нұршат ТӨКЕН
Нұршат ТӨКЕН«Egemen Qazaqstan»
1049 материал табылды

Оңтүстік Қазақстан • 27 Тамыз, 2020

Жаңа оқу жылының жаңалығы жақсылыққа бастайды

Білім мен біліктілік саудаланбауы керек Осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде алдымен Шымкент қаласында мектеп директорларын ашық конкурс арқылы тағайындау жобасы қолға алынған. Білім саласындағы осы игі бастама жалғасын тауып, енді үшінші мегаполисте педагог мамандарды жұмысқа қабылдау заманауи цифрлы жүйе арқылы жүзеге асуда. Осылайша республикада алғаш рет Шымкентте педагогтер мен білім бе­ру ұйымдарының қызметкерлерін жұмыс­қа қабылдау бойынша «HR-Process» цифр­лы жүйесі іске қосылды.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Шымкентте жүргізіліп жатқан құрылыстағы отандық өнім үлесі 91 пайызды құрайды

Шымкент қаласында биылғы жылы құрылыс басқармасының тапсырысы негізінде 96 нысан құрылысы жүргізілуде. Ондағы нысан құрылысын қазақстандық өніммен қамту үлесі 91 пайызды құрап отыр. Бұл туралы құрылыс басқармасының мамандары хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Шымкент әкімі Өзбекстанның бас консулымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Өзбекстан Республикасының Алматыдағы бас консулы Аброр Фатхуллаевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Шымкентте 65 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Шымкент қаласында "Shymkent»  ӘКК" АҚ-ы 65 инвестициялық жоба жүзеге асырмақ. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 100 млрд. теңгеден астам 32 жоба жүзеге асырылуда. Ал, құны 287 млрд. теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба бойынша ӘКК серіктестерімен құжаттар рәсімделуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте "Shymkent"  ӘКК" АҚ-ының төрағасы Б.Канкин мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Шымкентте 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан

Шымкент қаласында жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды. Оның  279-ы тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 12-і әлеуметтік жұмысқа, 190 азамат қоғамдық жұмыстарға,  80 азамат инфрақұрылымдық жұмысқа жіберілген. Ал 29-ы жастар практикасы жобасы көмегімен алғашқы тәжірибе жинақтады. Бұл туралы қала әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Су тасқынынан зардап шеккен оқушыларға сыйлады

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының өкілдері NIS ұжымының атынан Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен екі ауылдың оқушыларына сыйлықтар табыстады. Оның ішінде 719 мектеп формасының жиынтығы, 36 ноутбук, балаларға арналған көркем әдебиеттер мен педагогтерге арналған әдістемелік әдебиеттер бар.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

"Shymkent INVEST" кеңсесі 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде құрылған "Бизнеске арналған үкімет-Shymkent INVEST" кеңсесі аз уақыт ішінде 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Шымкентте білім нысандарының құрылысы басты назарда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мектептердің құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді. Жүргізіліп жатқан әрбір құрылыстың сапалы атқарылуы адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты екенін айтқан қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды бақылау қашанда назардан түспеу керектігін ескертті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 25 Тамыз, 2020

Түркістандағыдай жәдігерлер Орталық Азияда жоқ

Қазақстанның сакралды географиясындағы тарихи жәдігерлердің дені Оңтүстікте шоғырланған. Соның негізгісі – Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесі белгілі ғалым Мұхтар Қожаның айтуынша, Орталық Азиядағы ең үлкен сәулет ескерткіші болып табылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус • 24 Тамыз, 2020

Шымкентте covid-19 шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шықты

Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.