Аймақтар • 16 Шілде, 2020
Шымкентке қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда
Соңғы 7 күнде Үкімет тарапынан бөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлігімен Индиядан, Ресей мен Украина елінен қажетті дәрілер қаламызға жеткізілді.
Аймақтар • 15 Шілде, 2020
Шымкентке Ресейден дәрігерлер келді
Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді. Сапарларының мақсаты – коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасу.
Аймақтар • 15 Шілде, 2020
Шымкентте қаза болған дәрігерлердің отбасына қаржылай көмек берілді
Шымкентте коронавирус эпидемиясымен күресте кәсіби борышын атқару кезінде қаза тапқан тоғыз дәрігер "Құрмет", "Парасат", "Барыс" орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы қала әкімі Мұрат Әйтенов салтанатты жағдайда марқұмдардың отбасына арнайы барып табыстады. Бұдан бөлек, әр отбасыға материалдық көмек ретінде "Қайырымды қала" қорынан бөлінген 1 миллион теңге көлемінде қаржы берілді.
Аймақтар • 15 Шілде, 2020
Шымкентте 305 ауланы абаттандыру жұмысы жүргізіледі
Биыл Шымкент қаласында 305 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ойын және спорт алаңшалары жаңартылады.
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Шымкенттегі 4 ауруханаға оттегі бекеті орнатылды
Шымкент қаласындағы 4 аурухана базасында арнайы оттегі станциясы орнатылады. Олар қалалық перзентханада, қалалық жұқпалы аурухана мен №1 қалалық ауруханада және №2 көпсалалы ауруханада, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Шымкентте тасқыннан зардап шеккен бес отбасыға үй берілді
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен Елтай тұрғын алабындағы 5 отбасыға баспана кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
М.Әйтенов: "Қалада эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады"
Шымкент қаласы әкімдігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Мәжіліс барысында штаб мүшелері қала басшысы Мұрат Әйтеновке өз бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Шілде, 2020
Күн өткен сайын Шымкентте індет жұқтырғандардың саны арта түсуде. Алайда сақтық шараларын сақтап жүрген тұрғындар аз. Қорғанудың, сақтанудың, үйде отырудың орнына базаршылап жүр. Алаш, Қырғыз базарларында иін тірескен адамның қарасы қалың.
Қоғам • 10 Шілде, 2020
Жағдайды тұрақтандыруға күш салып жатыр
Соңғы аптада Шымкент қаласында ЖРВИ-мен қатар пневмония індеті асқынып кетті. Салдарынан шаһардағы ауруханаларда науқастар шамадан тыс артты. Ал дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы орын алды. Жанына шипа іздеген тұрғындар үлкенді-кішілі дәріхана алдында ұзын-сонар кезекке тұрды. Міне, осы төтенше жағдай кезінде бағаның күрт өсіп кетуінің алдын алу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен шұғыл топ құрылды.
Технология • 10 Шілде, 2020
Өндіріс көлемін 5 есеге арттырды
Күн өткен сайын қаншама отандастарымыз айтып келмейтін апаттың азуында кетіп жатыр. Кейбірінің дерті асқынып, емдеу шипа бермесе, енді біріне қажетті дәрі-дәрмек уақтылы жетпей ажал құшуда. Осылайша отандық фармацевтиканың да үдеп бара жатқан індетке қарсы тұрарлық қауқары азая түскені белгілі.