Аймақтар • 15 Мамыр, 2020
Шымкентте 7 мыңнан астам нысан жұмысын қайта бастады
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов өзінің Facebook әлеуметтік желісінде жариялады.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2020
Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысты
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысып, театр ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Онда опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдары қарастырылып, саланы дамытудағы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек әкім Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан білікті балет маманын тарту мәселесін де көтерді.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2020
Шымкентте мобильді жұмыспен қамту орталықтары ТЖ кезінде 215 азаматты жұмысқа орналастырды
Шымкент қаласында «Атамекен» қолдау орталығы 10 мобильді жұмыспен қамту орталығы қайта жұмысын бастады. ТЖ енгізілгеннен бастап және бүгінгі күнге дейін олар онлайн режимінде қызмет көрсетті.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2020
Шымкентте «Ашық әкімдік» жобасының жұмысы таныстырылды
«Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Т.Байғұлов Шымкент қаласына сапары барысында «Ашық әкімдік» жобасының жұмысымен танысты.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2020
Шымкенттегі Елтай тұрғын алабындағы су тасқынынан қатты зақымданған үйлер жоқ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен табиғи апаттың салдарын жою және алдын алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз хәлге түскен үйлер жоқ екенін мәлім етті.
Экономика • 15 Мамыр, 2020
Биыл Оңтүстікте көкөніс түрі көп егілді. Нәтижесінде төтенше жағдайға байланысты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз өнімдерін өткізуде бірқатар проблемаларға тап болды. Айталық қырыққабат өнімдерін ТМД елдеріне жөнелтуді жоспарлағанымен, дүкендер мен базарлардың жабылуына байланысты оған сұраныс азайды. Тіпті атыздағы гектар-гектар қырыққабат 5 теңгеге де өтпей жатыр.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2020
Шымкентте коммуналдық төлем бойынша 28 180 азаматтан өтінім түскен
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2020
Шымкентте су тасқынынан келер қауіп толық бақылауға алынды
Кеше қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елді мекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов мәлімдеді.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2020
Мақтааралдықтарға психологиялық көмек көрсетілді
«Серпіліс» қоғамдық қоры мен «Жалын» қоғамдық бірлестігі және Шымкент қаласы Ішкі Саясат және дін істері басқармасының қолдауымен психолог мамандар Мақтаарал ауданында орын алған тасқын судың зардабын көзбен көріп, үрейленген азаматтарға психологиялық көмек көрсетті.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2020
Шымкент: Қала әкімі су басқан елді мекеннің жағдайымен танысты
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елді мекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.