Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Шымкентте «Ашық әкімдік» жобасының жұмысы таныстырылды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Т.Байғұлов Шымкент қаласына сапары барысында «Ашық әкімдік» жобасының жұмысымен танысты. 

Шымкентте «Ашық әкімдік» жобасының жұмысы таныстырылды

Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевпен бірге азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет шарттарымен және қалалық әкімдікте қабылдаудың жүзеге асырылу барысымен, карантин жағдайындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты.

Іс-шара барысында әкім аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов қонақтарды өтініштермен жұмыс жасау бөлімінің жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, аталған бөлім азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыру мақсатында ашылған.

«Ашық әкімдікте» қала тұрғындарының арыз-шағымдарын қабылдайтын 10 терезе жұмыс істейді, (оның ішінде 1 терезе өзіне-өзі қызмет көрсету үшін арналған) «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай жерде мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 4 айында 5 483 өтініш келіп түсіп, оларға тиісті жауаптар берілген. 

Сонымен қатар, кездесу барысында әкімдіктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар жайы талқыланды.

 

Шымкент