Аймақтар • 13 Сәуір, 2020
Шымкентте жауын-шашыннан келген зардап жойылды
Шымкентте екі күн қатарынан толассыз жауған жауын суы бірқатар аулаларға кірген. Сәуірдің 12-13 күндері төтенше жағдайлар қызметіне Қаратау және Абай аудандарының аумағынан өрт сөндіру және құтқару бөлімшелеріна екі рет шақырту келіп түскен. Құтқарушылар мекенжай бойынша барып, көше бойындағы бірқатар үйлердің аулаларын жауын суынан тазалау жұмыстарын атқарды.
Қоғам • 13 Сәуір, 2020
Шымкентте коронавирус індетімен күрес жұмыстары қатаң бақылауда (Шолу)
Коронавирус індетінің кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласында барлық сақтық шаралары жасалуда. Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 2020 жылғы 4 сәуірден бастап қала аумағында карантин режимі енгізілгені белгілі. Бұл ретте қала тұрғындары карантин талаптарын бұлжытпай орындауы өте маңызды. Қазіргі таңда Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеуде, шаһарда залалсыздандыру шаралары күшейтілуде. Сондай-ақ медицина мамандары төтенше жағдайға байланысты күшейтілген режимге көшкен. Осы орайда, жаһандық індетпен күрес жұмыстары аясында Шымкент қаласында 6-11 сәуір аралығында атқарылған жұмыстарға шолу жасап, назарларыңызға ұсынамыз.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2020
Шымкентте үстемақы алған дәрігерлер Мемлекет басшысына алғыс айтты
Үстемақы алған шымкенттік дәрігерлер мемлекеттің қолдауына алғыстарын айтып жатыр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 1290 медицицина қызметкеріне үстемақы төленді.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2020
Шымкентте карантин кезінде 57 мәдени іс-шара онлайн өтеді
Әлемді үрей құшағына алған коронавирус індетімен күреске тек дәрігерлер ғана емес, мәдениет саласының қызметкерлері де үлес қосуда.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2020
Шымкентте індетпен күресуші дәрігерлерге жағдай жасалынған
Шымкентте тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақүйден орын берілді. Бұл - қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2020
Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды
Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Шымкентте әлеуметтік азық-түліктер белгіленген бағамен сатылуда
Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Шымкенттегі «Сәуле», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандары залалсыздандырылуда
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан «Сәуле», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар атқарып жатыр.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Шымкентте әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы 76 мыңнан астам адамға тегін бетперде таратылды
Шымкентте коронавирус індетінің алдын алу мақсатында әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтарға жалпы саны 76 255 бетперде тегін таратылды.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Шымкентте екі науқас коронавирустан жазылып шықты
Шымкентте коронавирус жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты. Дертінен айыққандар - анасы мен баласы. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.