Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Шымкентте жауын-шашыннан келген зардап жойылды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте екі күн қатарынан толассыз жауған жауын суы бірқатар аулаларға кірген. Сәуірдің 12-13 күндері төтенше жағдайлар қызметіне Қаратау және Абай аудандарының аумағынан өрт сөндіру және құтқару бөлімшелеріна екі рет шақырту келіп түскен. Құтқарушылар мекенжай бойынша барып, көше бойындағы бірқатар үйлердің аулаларын жауын суынан тазалау жұмыстарын атқарды.

Шымкентте жауын-шашыннан келген зардап жойылды

Жалпы бұл жұмыстарға департаменттің 20-ға жуық жеке құрамы және 4 техникасы жұмылдырылды, 200-ден аса текше метр су шығарылды.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов су басу жағдайларын алдын алу мақсатында ақпан-наурыз айларында жеке құрамның және еріктілердің қатысуымен Қошқар ата, Қарасу өзендірі бойында, арық-атыздарды қоқыстан тазалау жұмыстары бойынша сенбілік өткізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, су тасқыны маусымында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 297 адам жеке құрамы, 49 техникасы және 28 жүзу құралдары, 41 мотопомпа, қалалық коммуналдық қызметтерінің құрамында 224 адам, 14 бірлік техника (вакуумды автоцистерналар) және 19 бірлік мотопомпасы бар күштері мен құралдары төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындыққа келтірілгендігі де айтылды.

Департамент бастығы қала тұрғындарын көктем мезгілінде жауын-шашын және еріген қар сулары салдарынан су басу қаупінің алдын алу мақсатында аумақтағы ирригациялық және үйішілік арықтарды қоқыстан тазалау жұмыстарына атсалысуға шақырды.

 

Шымкент