Нұршат ТӨКЕН
Нұршат ТӨКЕН«Egemen Qazaqstan»
1049 материал табылды

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Чемпион жоғары оқу орнының «Құрметті профессоры» атанды

Қазақ елінің атын алты құрлыққа танытып, көк байрағын желбіреткен Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкентке келді. Таяуда ғана Ташкентте өткен халықаралық ынтымақтастық турнирінде жеңімпаз атанған отандасымыз кезекті сапарында М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастарымен кездесті. Еріктілер жылына орай ұйымдастырылған жиында әйгілі спортшы ерікті жастар, жас спортшылар және студенттермен ашық сұқбат құрды.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Шымкентте шетелдік инвесторлардың қатысуымен 15 жоба жүзеге асырылады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп берді. «Түркістан» сарайында өткен есепті кездесуде әкім 2019 жылы қаланың экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылда іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Мұрат Әйтенов: Шымкентте биыл 13 елді мекеннің ауызсу мәселесі шешіледі

Қалада инженерлік инфрақұрылым өзекті мәселе. Оның бірнеше себебі бар. Халық саны жедел өсуде. Жаңадан 41 елді мекен қалаға қосылды. Осының салдарынан магистралды жүйелердің қуаты жетіспеуде. Алдағы 3 жылда осы мәселені барынша шешуге жұмыс істейтін боламыз. Халық алдындағы есепті кездесуінде осылай деген қала әкімі биылғы жылы 140 мың халқы бар тасымал арқылы су ішіп отырған 8 елді мекен және жартылай сумен қамтылған 5 елді мекеннің мәселесі шешілетінін айтты.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Шымшаһар әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына есеп берді

Шымкенттегі «Түркістан» салтанат сарайында қала әкімі Мұрат Әйтенов қала әкімдігі тарапынан 2019 жылы атқарылған жұмыстар бойынша жылдық есеп берді. Есепті жиында қала әкімі тұрғындарға 2020-2022 жылдар аралығында қала аумағында атқарылатын бірқатар ауқымды жобалар мен жұмыстар туралы кеңінен баяндама жасады.

Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Мәдениет және спорт министрі Шымкенттің мәдени жұмыстарымен танысты

Биыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Шымқаланың 2200 жылдығы тойланады. Сонымен қатар «Шымкент - ТМД елдерінің мəдени астанасы» аясында көптеген республикалық жəне халықаралық деңгейдегі іс-шара жоспарлануда.

Спорт • 13 Ақпан, 2020

«Ордабасы» командасының сапына жаңа ойыншылар қосылды

Түркияда оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңін аяқтап жатқан «Ордабасы» футбол клубының президенті Бақтияр Байсейтов команданың маусымға дайындығымен танысып, сынақта жүрген бір қатар футболшылармен келісім-шарттар жасады.

Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Туристерді миллион дана қызғалдақпен қарсы алады

Биыл Шымкентте ерте көк­темде ең алғаш гүлдеп, қа­ла келбетіне ерекше сән бе­ретін 1 миллион 300 мың дана қызғалдақ гүлі егілді. Осы­лайша ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иемденген шаһар қонақтар мен туристерді құлпырған әсем гүлдермен қарсы ал­мақ.

Үкімет • 13 Ақпан, 2020

Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болады

Премьер-Министр Асқар Мамин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2020

Шымкентте алаяқтықпен 700 мың теңгеден астам қаржыны жымқырған күдікті ұсталды

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 11 Ақпан, 2020

Ербол Садыр Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен Ербол Садыр қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.