Жастар • 20 Маусым, 2025
«Oyorda»: Кітап оқу – саналы таңдау
Елдегі ірі кітап дүкендер желісі үш жыл қатарынан жылына 2 млн данаға жуық кітап сатыпты. Азаматтардың дені тұлғалық даму, шытырман оқиғалы детектив пен классикалық шығармаларды таңдаған. Ерекше атап өтерлігі, оқырмандардың басым бөлігі – жастар. Мұндай үрдісті тек статистикалық деректерден емес, қоғамдық бастамалардан да байқауға болады. Соның жарқын бір мысалы – «Oyorda» жас оқырман қауымдастығы.
Қоғам • 19 Маусым, 2025
Отандастарымыз қақтығыс аймағынан эвакуацияланды
Таяу Шығыстағы ахуал шиеленіскен жағдайда Қазақстан өз азаматтарын Иран Ислам Республикасының аумағынан жедел эвакуациялады. Үйлесімді жұмыс пен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейінің арқасында еліміздің Сыртқы істер министрлігі, құзыретті мемлекеттік органдары мен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері 109 отандасымызды елге қайтарды.
Сұхбат • 19 Маусым, 2025
Ислам НАЗАРАЛИЕВ: Экспедиция бірлескен жобаларды жүзеге асырады
«Еуразия жүрегіне саяхат» атты халықаралық экспедиция жалғасып келеді. Ресейдің Мәскеу қаласынан басталған сапар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерін қамтиды. Оған 70-тен аса ғалым, кәсіпкер, блогер мен студент қатысып жатыр. Олар бес мемлекет арқылы шамамен 8 мың шақырымды жүріп өтеді. Осылайша, сол аймақтың тарихымен, мәдениетімен танысады. Осы орайда экспедицияны ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Ислам Назаралиевпен аз-кем әңгімелестік.
Заң мен Тәртіп • 17 Маусым, 2025
Жасөспірімдерді қылмыс тұзағынан қалай құтқарамыз?
Қазір әлеуметтік желідегі неше түрлі ақпарат пен фото-видеоларды ашып қалсаңыз, өкінішке қарай 90-жылдардағы бұзақылар мен тентектер еске түседі. Бұл цифрлы технология дәурен құрған замандағы қаралым жинаудың амалы дерсіз. Бірақ құзырлы органдар ұсынған қылмыс пен заңбұзушылық көрсеткіштері алаңдатады. Сонда мұның себебі неде? Жай ғана интернеттің әсері ме, әлде шешілмей келе жатқан әлеуметтік не тәрбиелік түйткіл ме?
Саясат • 17 Маусым, 2025
Жаңа кезеңге қадам басқан сенімді серіктестік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келді. Президент мәртебелі мейманды Астана әуежайынан қарсы алды. Торапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті. Ал әуежай терминалында ҚХР Төрағасымен балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды. Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Борышкерлер қарызы 19 млрд теңгеге жетті
Жыл басынан бері елімізде алимент төлемегені үшін 126 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлімдеді.
Айбын • 10 Маусым, 2025
Офицерлер қатарына жаңа буын қосылды
Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің жедел-тактикалық басқару буыны бойынша білім алған магистрант-офицерлерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Биыл жоғары оқу орнын 150-ден аса магистрант сәтті аяқтады. Енді олар Қарулы күштер мен өзге де әскерлер және әскери құрылымдардың командалық құрамын толықтырады.
Үкімет • 05 Маусым, 2025
Отандық дәрі-дәрмек көлемі қайтсе артады?
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырысы өтіп, жиында 2024–2025 жылдары фармацевтика саласында жүргізілген екі аудиттің қорытындысы жарияланды. Сондай-ақ жиында комитеттер жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдап, халықаралық келісімдерді ратификациялауға қатысты мәселелерді қарады.
Заң • 04 Маусым, 2025
Қызмет сапасын арттырудың заңнамалық қадамы
Maqsut Narikbayev University базасында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң жобасының негізгі ережелері талқыланды. Дөңгелек үстел форматында өткен жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Мәжіліс депутаттары, университет басшылығы, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.
Қаржы • 03 Маусым, 2025
Трансферттерді айқындаудың әдістемесі әзірленеді
Елдегі біраз өңір республикалық бюджет есебінен күн көріп отыр. Былтыр донор деп танылған Атырау облысы, Астана және Алматы қаласынан мемлекет қазынасына жалпы сомасы 470 млрд теңге түскен. Ал аймақтарға бөлінетін субвенция 5,3 трлн-нан аса теңгені құраған. Айырмашылық ауқымы ашып айтпаса да, түсінікті. Мәселе Мәжілісте өткен Үкімет сағатында талқыланды.