Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024
Референдумды әлемнің 30 елінен 177 байқаушы қадағалады
Елдегі жалпыұлттық референдумның өту барысын халықаралық 4 ұйымның өкілдері де бақылады. Атап айтсақ, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес. Олар арнайы баспасөз мәслихатында референдум учаскелерінде ешқандай құқықбұзушылық тіркелмегенін мәлімдеді.
Мәдениет • 04 Қазан, 2024
«VІІI Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасына қарасты Президенттік орталықта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «VІІI Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтер • 04 Қазан, 2024
Волонтерлер слеті: Ізгілікке бастайтын ынтымақтастық
Астанада АӨСШК Жастар кеңесі аясында волонтерлер слеті өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған ауқымды іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығымен бірлесе АӨСШК Жастар кеңесінің қолдауымен ұйымдастырған. Жиынға Қырғызстан, Ресей, Шри-Ланка, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Тайланд, Тәжікстан секілді 21 елден 450-ден аса делегат арнайы келді.
Әлем • 04 Қазан, 2024
Демографияны жақсартатын бастамалар
Оңтүстік Кореяда отбасын енді құрған ерлі-зайыптылар үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Бастама елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Әзірге бұл жоба тәжірибе ретінде қолға алынған.
Әскер • 04 Қазан, 2024
Әскерилер жауынгерлік машығын шыңдады
Қазақстан жауынгерлері Үндістандағы дәстүрлі оқу-жаттығуын бастады. Тау дайындығы және терроризмге қарсы бірлескен жұмысқа «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері барды.
Қоғам • 03 Қазан, 2024
Елордалық еріктілер жағалаудағы есірткі жарнамалары бейнеленген граффиттерді өшірді. Іс-шара «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат – есірткі заттарының таралуына жол бермеу, азаматтардың жауапкершілігін арттыру.
Байқау • 02 Қазан, 2024
«Aqyl Battle Cup» республикалық зияткерлік сайысының жеңімпаздары белгілі болды. Елордада өткен қорытынды кезеңде 20 өңірден жолдама алған 20 команда бақ сынады. Білімділер бәйгесіне 14-35 жас аралығындағылар қатысты.
Сұхбат • 30 Қыркүйек, 2024
Тағдыр тәлкегінен ешкім қашып құтыла алмайды. Әсіресе түрлі апат не өрт болғанда, тіпті денсаулық сыр бергенде қолдағы көк қағазды санап қаламыз. Осы орайда шығынды барынша азайтатын сақтандыру полистері бар. Оны қалай алуға болады? Мән-маңызы, мақсат-міндеті қандай? Көкейдегі сауалдарды сақтандыру агенті, «Halyk-Life» АҚ 9-дирекциясының директоры Сәуле Ахметоваға қойып көрдік.
Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2024
Мароккоға визасыз сапарлауға болады
Қазақстан мен Марокко визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Бұл екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге бағытталған, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Форум • 03 Қыркүйек, 2024
Татарстан астанасында жаһандық ІІІ жастар саммиті өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов, эколог Мәди Алдабергенов, режиссер Шыңғыс Мақанов арнайы қатысты. Басқосуда цифрландыру және жастар саясатының заманауи құралдары талқыланды.