Жастар • 10 Тамыз, 2024
«Ассамблея жастары» халықаралық ұйымдармен ықпалдастық орнатуға ниетті. Осы мақсатта ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Ассамблея жастары» ұйымының қызметін таныстыру жоспарланды. Оң бастама ұйымның Халықаралық Жастар қауымдастығы құрамына енуіне жол ашады. Бұған еліміздің Сыртқы істер министрлігі септеседі.
Саясат • 10 Тамыз, 2024
Мақсат – ортақ медиа-платформа құру
Орталық Азия елдеріне ортақ өңірлік медиа-платформа жасақталады. Бұл туралы Астанадағы Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан елдерінің БАҚ мәселелері бойынша уәкілетті органдарының консультативтік кездесуінде айтылды. Мақсат – ақпарат кеңістігіндегі байланысты күшейтіп, түрлі сын-қатерге бірлесе қарсы тұру.
Айбын • 09 Тамыз, 2024
«Көгілдір береттер» дайындығын шыңдады
«Көгілдір береттер» бөлімше құрамында әрекет ету дағдыларын шыңдады. Практикалық сабақтар Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизонындағы барлық оқу полигондарында ұйымдастырылды. Үш күн ішінде әскери қызметшілер дала жағдайында машықтанып, бөлімшелердің үйлесімділігін жетілдірді. Атыстар күндізгі және түнгі уақытта жауынгерлік жағдайда жүргізілді.
Құқық • 08 Тамыз, 2024
Қаһарман полицейдің есімі ұлықталды
Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Ақтөбе облысына барды. Іссапар барысында полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді. Жиында министрдің орынбасары жұмыстың ауқымдылығын атап өтіп, қоғамдағы қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күрестегі міндеттерді тағы бір мәрте түсіндірді. Сондай-ақ ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімін ұлықтау рәсіміне қатысты.
Айбын • 08 Тамыз, 2024
Әскери теңізшілер және қауіпсіздік қағидаты
Әскери теңізшілер Қонаев қаласында нысандарды минадан тазартты. Әскери-теңіз күштері бөлімшелерінің оқыту сабақтары Қапшағай су қоймасының жағалау учаскесінде, 20030 әскери бөлімінің аумағында өтті.
Саясат • 08 Тамыз, 2024
Қала аудандарының жұмыс барысы
Сенат депутаты Андрей Лукин елордадағы Байқоңыр және Нұра аудандарының дамуы мен әлеуметтік мәселелерін талқылады.
Қоғам • 06 Тамыз, 2024
Этномедиация – татулық пен келісім құралы
Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында жүктеген міндеттері арқау болды. Қатысушылар елдегі этнос өкілдерін ұйыстырып, бірлікті бекемдей түсудегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу, этномедиация институтын дамыту тапсырмасының орындалу барысын талқылады.
Саясат • 03 Тамыз, 2024
Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияны нығайту әлеуеті
Қазақстан-Өзбекстан сарапшылары басқосып, екіжақты ынтымақтастық пен аймақтық интеграцияның өзекті мәселелерін талқылады. Кеңес отырысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға сапары және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы Консультативтік кездесуі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Қоғам • 02 Тамыз, 2024
Жыл басынан бері 250 азамат құтқарылды
Биыл су айдындарында қауіпсіздік ережесін сақтамағандар саны сегіз есе көбейген. Ескертпелерді елемейтіндер Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Көлік министрлігінің бірлесе рейд, патрульдеу жүргізуі барысында анықталды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл арқалады.
Айбын • 02 Тамыз, 2024
Ақтауда «Бірлестік – 2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытынды жиыны өтті. Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Серік Борамбаевтың төрағалығымен ұйымдастырылған отырыста жауынгерлік дайындық нәтижелері талданды.