Жасанды интеллект • 28 Қараша, 2025
Жасанды интеллект игілігін қашан көреміз?
Жасанды интеллектіге негізделген стартаптар бүгінде әлем бойынша технологиялық бәсекенің басты өзегіне айналды. Елімізде де күн сайын түрлі жобалар таныстырылады. Жалпы, жыл сайын мыңдаған жаңа жоба іске қосылады, бірақ халықаралық статистика көрсеткендей, олардың небәрі 10-15 пайызы ғана нақты нәтижеге жетеді.
Ғалам ғажаптары • 28 Қараша, 2025
Ресейлік «Neiry» компаниясы көгершіндердің ұшу бағытын имплантталған нейрочип арқылы басқаруға мүмкіндік беретін технология таныстырды. Мұндай биодрон-көгершіндер нысандарды әуеден бақылап, бейнені тікелей эфирде жібере алады.
Ғалам ғажаптары • 28 Қараша, 2025
Камчаткадағы тас жолдардың бірінде мыңдаған солтүстік бұғыларының үдере көшіп бара жатқаны көзге түсті.
Білім • 27 Қараша, 2025
Ноутбук пен планшеттен бас тартты: Батыс елдері дәстүрлі білім жүйесіне бет бұрды
Жақында «The Economist» АҚШ пен Еуропада дәстүрлі білім беру форматына қайта оралу үрдісі байқала бастағанын жазды. Кейінгі 10 жылда мектептер мен университеттер сабақ пен бағалауды толық цифрландыруға тырысқан еді. Алайда 2022-2024 жылдар аралығында жазбаша және ауызша емтихандардың үлесі қайта өскен екен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Әлемде 1,3 млрд әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған
БҰҰ деректеріне сүйенсек, дүниежүзіндегі әрбір үшінші әйел өмірінде кемінде бір рет зорлық-зомбылыққа тап болған. Бүгінде зардап шеккендердің саны 1,3 миллиард адамға жуықтайды. Ал цифрлық кеңістіктің кеңеюі жаңа қатерлерді күшейтіп отыр. Онлайн-қорлау, қудалау, рұқсатсыз интимдік контент тарату, дипфейк – бәрі қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Алайда әлем мемлекеттерінің 40 пайызынан азында ғана интернеттегі зорлық-зомбылықпен күресуге арналған нақты заңнамалар бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Қараша, 2025
Қазіргі кезде балалар мектептегі білімнен тыс міндетті түрде ақылы білім орталықтарына барады. Бұл үрдіс кейінгі 5 жылда қарқынды белең алды. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі ірі қалаларда кемінде мыңға жуық жекеменшік білім орталығы бар. Ал бейресми тіркелмей жұмыс істеп жатқаны одан көп. Ақылы білімге деген сұраныстың артуы саладағы бәсекелестіктің күшеюі ме әлде мемлекеттік білім жүйесінің әлсіреуі ме? Мәселені қалай шешу керек?
Ғалам ғажаптары • 27 Қараша, 2025
«Starlink»-ке бәсекелес пайда болды. «Amazon» компаниясы «Leo» спутник интернет жүйесіне арналған алғашқы антеннасын таныстырды.
Ғалам ғажаптары • 27 Қараша, 2025
«Open AI» жаңа құрылғы шығарады
Технология әлемі тағы бір тосын жаңалықпен толықты. «OpenAI» бас директоры Сэм Альтман мен «Apple» дизайнері Джони Айв жасанды интеллектіге арналған алғашқы құрылғы жасайтынын мәлімдеді.
Ғалам ғажаптары • 26 Қараша, 2025
«Lumia» компаниясы алты жылдық зерттеуден кейін ерекше денсаулық гаджетін ұсынды. Пішіні кәдімгі сәнді сырға. Ал гаджет қан айналымын өлшей алатын шағын зертхана ретінде жұмыс істейді.
Ғалам ғажаптары • 26 Қараша, 2025
Финляндиялық Лукас есімді инженер алты-ақ айдың ішінде «Helios 11» деп аталатын күнпанельді яхтаны құрастырып шықты.