Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
224 материал табылды

Аймақтар • 29 Шілде, 2025

Қарауылдағы қарбалас

Абай ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Берік Уәли «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешеніндегі жұмыс барысын тексеріп, Қарауылтөбе айналасында атқарылып жатқан шаруаның жай-күйімен танысты.

Аймақтар • 26 Шілде, 2025

Абай өңірінен 17 сақ қонысы табылды

Абай облысындағы Қара­тұмсық қорымынан осыдан 2700–2500 жыл бұрын өмір сүрген сақ тайпасына тиесілі жәдігер табылды. Қоныстардың бірінен 37 асық шыққан. Мұндай бірегей кешен ел аумағында бұрын зерттелген сақ дәуіріне тән қоныстарда алғаш рет кездесіп отыр. Тарихтың кені ашылған кешенде сақ­тарға қатысты тың ғы­лыми жаңалық жетерлік.

Аймақтар • 25 Шілде, 2025

Жалғызбасты ананың жанайқайы

Ақшамның алагеуімінде әлдебір бөтен нөмірден қоңырау түсті. – Сізге таудан телефон шалып тұр едім. – Қайдан дейсіз?– Таудан, – сәл іркілді де, – ауылда байланыс нашар. Осылай тауға шығып сөйлесеміз, – деген дауыс құмығып естілді.

Қоғам • 25 Шілде, 2025

Абай елі тағы да рекорд жасады

Алматының «Медеу» мұз ­айдынында ұлттық қолөнер­ді насихаттау мақсатында «Аламан құрақ – 2025» мәдени байқауы өтті. Елдің әр өңірінен 660 құ­рақ­шы қатысып, 1 366 шаршы­ метрлік құрақ көрпе құрады. Құрақшылардың көз майын сарқа тауысып, қолмен тіккен еңбегі Global Book of Records дүние­жүзілік рекордтар кітабына енді.

Аймақтар • 18 Шілде, 2025

Өңір өніміне сұраныс жоғары

Семейде жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілерді қолдау мақсатында «Бір ауыл – бір өнім» және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмелері өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған екі жоба да өңірдегі шағын бизнес саласындағы кәсіпкерлерді, сапалы өнім өндірушілерді қолдап, аймақтың үздік тауарларын нарыққа шығаруға бағытталған.

Заң мен Тәртіп • 17 Шілде, 2025

Қырағы шекарашылар қыр асырмады

Заң мен тәртіп қоғамның темірқазығы екені рас. ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің ел шетіндегі кейбір шетін мәсе­ле­лер­ге аса назар аударып, тәртіп бұзу фактілерінің алдын алып отыр. Осы­ған байланысты маңызды мекеменің деректерімен танысып қайтқан едік.

Туризм • 17 Шілде, 2025

Алакөл: ауа жайылған туризм реттелуге тиіс

Алакөлдің танымалдылығы жылдан-жылға артса да, туристік әлеуетінде қордаланған түйткіл аз емес. Бұл туралы бұған дейін де «Egemen Qazaqstan» газеті жазған еді.

Руханият • 16 Шілде, 2025

Мерейтой бағдарламасы мәлім болды

Ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – халқымыздың рухани болмысын ұлықтайтын, ел бірлігін бекемдейтін тарихи оқиға. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес аймақта айтулы іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге арналған мерейтой бағдарламасы белгілі болды.

Аймақтар • 11 Шілде, 2025

Семейде жас геологтердің республикалық олимпиадасы басталды

Абай облысы Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтердің екінші республикалық олимпиадасының ашылу салтанаты болды. Жарыс 8-15 шілде аралығында колледж базасында және Қарауыл шоқы оқу полигонында өтеді.

Руханият • 09 Шілде, 2025

Ақтамберді ұлықтауға лайықты

Биыл қазақтың көне жыраулық мектебінің аса көрнекті өкілі, жорық жыршысы, қол бастаған әскербасы Ақтамберді жы­рау Сарыұлының туғанына 350 жыл толды. Айтулы да­та­ға орай даңғайыр жырауды қайыра бір еске алғымыз ке­леді...