Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
273 материал табылды

Аймақтар • 16 Қазан, 2025

Семей әкімі сайланды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі сайланды. 12 қазанда семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасады.

Аймақтар • 15 Қазан, 2025

85 ірі агрожоба іске асырылады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдегі шаруа­шылық жетекшілері, кәсіпорын басшылары қатысты.

Ұлттық спорт • 14 Қазан, 2025

Бүркітшілер жүлделі оралды

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дәстүрлі «Бүркітшілер тойы» аясында ІІІ Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде қазақ елінің құсбегілік спортының ұлттық құра­масы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

Аймақтар • 11 Қазан, 2025

Әкім сайлауына әзірлік

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі Семейде сайланбақ. Яғни 12 қазан күні семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасайды.

Шаруашылық • 11 Қазан, 2025

Жеңілдетілген несие көлемі ұлғайды

Мемлекет басшысы Жолдауда «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет кейінгі жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлініп, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған», деген еді. Расында, мемлекеттің қолдауы Абай облысында күзгі жиын-терім кезінде де байқалып отыр.

Білім • 10 Қазан, 2025

Оқушылар әзірлеген қосымша

Мұны кішкентай жүректен шыққан үлкен игілік деп атауға болатын шығар. Семей қаласында қазақтың екі қаршадай қызы көзі нашар көретін жандарға арналған мобильді қосымша әзірлеп, талайдың жүрегін еріксіз тебірентті.

«Таза Қазақстан» • 04 Қазан, 2025

«Семей – Астана» тасжолы тазаланды

Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жас белсенділер бірігіп, қала шетіндегі «Семей – Астана» тасжолы бойын қоқыстан тазартты.

Аймақтар • 02 Қазан, 2025

Жыл кітапханашысы атанды

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана дирек­торының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақ­стан кітапханалары одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» аталымына ие болды.

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2025

Жаңа әуе рейсі ашылды

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейсте­рінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушылар тасымалдай бастады.

Құрылыс • 26 Қыркүйек, 2025

«Бақты – Аягөз» теміржол желісі қашан аяқталады?

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдегі көлік-логистиканы одан әрі дамыту керектігін айта келіп: «Үкімет «Бақты – Аягөз», «Қызылжар – Мойынты» жоба­ларын уақтылы жүзеге асыруға тиіс. Себебі атал­ған жобалар еліміздегі темір­жол жүйесінің толық қаңқа­сын қалыптастырады», деп қадап айтқан. 2023 жылы басталған жоба 2025 жылы мәресіне жетуге тиіс еді. Пре­зиденттің «жобаларды уақтылы аяқтауға» ай­рықша мән беруінің де төркіні осыдан туындаса керек.

Яндекс.Метрика