Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ
Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
85 материал табылды

Өнер • 07 Наурыз, 2023

Бибаят дизайны

Қазір әлемді әдеміліксіз елестету әсте мүмкін емес. Жер әлемдегі адамдардың барлығы әсемдікке, сәнге құштар. Сондықтан көктемнің керемет мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, әдемі кәсіпті игеріп, елімізде дизайн өнерінің дамуына өзінің қомақты үлесін қосып жүрген, халықаралық деңгейдегі «biвayat fashion» киім брендінің негізін қалаушы Бибаят Үсенова туралы айтқымыз келеді.

Сұхбат • 05 Наурыз, 2023

Замир Сағынов: Сапалы жол салынуы үшін білікті маман қажет

2019 жылы құрылған, бұл күндері 17 аймақта филиалы бар «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» – еліміздегі жол сапасына жауап беретін бірегей мекеме. Кәсіпорынның негізгі қызметі – жол салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жұмысын адалынан атқару. Сонымен қатар материал сапасына сараптама, жолдарға диагностика да жүргізеді. Осы орайда аталған орталықтың басшысы Замир Сағыновпен кездесіп, сұхбат құрған едік.

Қоғам • 02 Наурыз, 2023

Жолаушы зарын кім ұғар?

Ел басшылығына есеп беріп, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының жай-күйімен таныстырған компания басшылығы дамудың сара жолына түскендері жөнінде ұзақ баяндапты. Ол қаншалықты рас? Рас болса, қызметіне тапсырыс берушілер және былайғы тұтынушылар мен жолаушылар теміржолшылардың «мінсіз» қызметіне деген алғыстарын неге айғайлап айтпайды?

Қазақстан • 28 Ақпан, 2023

Ел табысын еселейтін жоба

2022 жылдың қараша айында Достық-Мойынты теміржол телімінде екінші жолдарды салу басталғаны мәлім. Аталған телімнің өткізу қабілетін арттыру ел эконо­микасының еселеп дамуына қызмет етпек. Өйткені отандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз ету және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі алға қойған міндеттерді мүлтіксіз орындауда бұл инфрақұрылымдық жобаның маңызы өте зор.

Экономика • 27 Ақпан, 2023

Астық тасымалы артты

2022 жылдың соңы мен 2023 жылдың басында Қазақстан Орталық Азия елдеріне астық тасымалдау көлемін айтарлықтай арттырды. Былтырғы қазан айынан биылғы қаңтарға дейін қазақ теміржолшылары Сарыағаш шекаралық теміржол қақпасынан 4,3 млн тоннадан астам астық өткізіп үлгеріпті.