Айбын • 14 Наурыз, 2024
Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі 97617 әскери бөлімде «Әскер болғым келеді» атты іс-шара ұйымдастырылды. Басқосудың мақсаты – жастардың бойында патриотизмді қалыптастыра отырып, жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерге тәрбиелеу, жас ұрпақты әскери қызметкердің жұмысымен және оның қыр-сырымен таныстыру.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2024
Тәуелсіз ел атанғанымызға отыз жылдан асса да, осы күнге дейін Іле ауданына қарасты «Комсомол», «Чапаев» деген кеңестік кездегі атауларынан ажырамаған елді мекендердің барын біліп, таңданысымызды жасыра алмаған едік. Көптің көкейінде жүрген бұл мәселенің түйіні шешіліп, аталған ауылдардың жан жадыратар жаңа атауларға ие болғанына жалпақ жұрт қуанып жатыр.
Медицина • 11 Наурыз, 2024
Оқыс жағдайдағы сәтті операция
Кешегі күнгі жер сілкінісі кезінде ақ желеңді абзал жандардың антына адалдығы мен өз ісіне беріктігі қызу талқыланып, операция үстеліндегі жұмыстарын еш алаңсыз сәтті аяқтап шыққандарына жұрт алғысын жаудырды.
Өнер • 10 Наурыз, 2024
Әдемілік әйелге тән. Көктемнің қызғалдағындай құлпырып кететін қыз-келіншектердің ажарын ашатын алқа, жүзік, сыңғырлы сырғасын жасауда өзіндік өрнегін қалыптастырып, бәсекелестікте бәсі жоғары тұратын қолөнер шебері Меруерт Ермекованың есімі елге таныс. Қолөнер шеберінің «Алтын тас» аталатын брендтік бұйымдары әрдайым сұранысқа ие. Табиғаты көркем Талғар қаласында тұратын Меруерттің көрер көз қызығарлық сәукеледен бастап, білезік, шекелік, өңіржиек, алқа, шашбау сынды әшекей бұйымдары еліміздің әр түкпіріне жөнелтіледі. Қолөнер шеберінің осы жылдар ішінде жасаған жүздеген бұйымдары өз тұтынушыларын тапқан.
Тәрбие • 08 Наурыз, 2024
Қарадала төсінде кіндігі кесілген Күлпара Жуашқызының жүріп өткен жүзжылдық жолы тарих таспасына таңбаланып келеді. 1922 жылы Шошанай аулында дүние есігін ашқан дала перзенті – ес біліп, етек жиғалы халқымыздың басынан өткерген қиын-қыстау кезеңдердің куәсі ғана емес, ауыртпалығын да арқалаған аяулы жан.
Жастар • 08 Наурыз, 2024
«Бата алсам, бақытқа бөленемін»
Жиырма екі жастағы бойжеткен Вера Плетнева мақал-мәтелдеп сөйлегенде сөздің майын тамызады. Еңбекшіқазақ ауданының Ақжал ауылында дүниеге келген орыс қызы Құрөзек орталау мектебіне 1-сыныпқа барып, алғашқы әліппені қазақ тілінде таниды. Алғыр қыз алдына айқын мақсат қойып, мектептен соң Қонаев қаласындағы Қапшағай көпсалалық колледжінің «модельер дизайнер» мамандығына оқуға түседі.
Ауыл • 06 Наурыз, 2024
Алматы облысында спорт ғимараттарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұлай деуімізге Жамбыл ауданының Қаракестек ауылында 50 орынды спорт кешенінің салтанатты түрде ашылуы дәлел.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2024
Ерекше балаларды қатарға қосады
Бүгінде Алматы облысында 42 мың мүгедек жан бар. Оның 6 мыңнан астамы – балалар. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін 11 оңалту орталығы жұмыс істейді. Жақында олардың қатары тағы бір орталықпен толығып, өз жұмысын бастап кетті.
Алматы • 04 Наурыз, 2024
Жер сілкінісіне байланысты шұғыл жиын өтті
Жер-ана тағы да тосын мінез танытты. ҚР ТЖМ «ННЦСН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Қаланың құрметті азаматы атанды
Ауған соғысының ардагері Марат Қалғұлов Қонаев қаласының Құрметті азаматы атанды. Ардагерге бұл құрмет биыл кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай облыс орталығы – Қонаев қаласында өткен салтанатты іс-шарада көрсетілген еді.