Құқық • 21 Ақпан, 2024
Нашақорлықпен күрестің бүгінгі бағыты
«Нашақорлық – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз». Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда құзырлы мекемелер алдына қойған тапсырмасы.
Сенат • 16 Ақпан, 2024
Теміржол саласын реформалау нақтыланды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, депутаттар жайылымдар және оларды тиімді пайдалану туралы заңды қарады. Сондай-ақ отырыста Көлік министрінің сенаторлардың депутаттық сауалына ауызша жауабы тыңдалды және Сенат депутаттарын Палатаның тұрақты комитеттерінің құрамына сайлау мәселесі қаралды.
Қылмыс • 15 Ақпан, 2024
Биыл 7 ақпанда Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б.Ибрагимовке, бас бухгалтері К.Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтеріне қатысты үкім шығарды. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сұхбат • 15 Ақпан, 2024
Лара АЛЕЙШО: Қазақ тілінде жаңа ән жазғым келеді
Бұл әнші қыз елімізге ең алғаш рет Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындап танымал болды. Португалиялық Лара Алейшо сол кезден бері бірнеше қазақ әніне кавер жасап, тіпті елімізде өткен «Voice оf Nur-Sultan» және «Voice of Turan 2023» фестивальдарына да қатысты. Бүгінде YouTube-та оның орындаған «Дудар-ай», «Таптым-ау сені» әндері көп көрілім жинады. Біз қазақ музыкасына аңсары ауған шетелдік әншіге хабарласып, сұрағымызды қойдық.
Құқық • 14 Ақпан, 2024
Зорлықты тыятын заңнама жетілдіріледі
Жыл сайын елімізде 300-ге жуық адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады. Оның ішінде шамамен 80 әйел жанжалқой күйеуінің қолынан қаза табады екен. Құзырлы органдарға күніне 300-дей адамнан тұрмыстық қоқан-лоқыға байланысты көмек сұраған қоңырау түседі. Бұның бәрі бүгінгі қоғамды алаңдатып отырған проблеманың таралу ауқымын аңғартса керек.
Байқау • 13 Ақпан, 2024
Ішкі істер министрлігі «Сұңқар» арнайы жасағының жауынгерлері Дубайда өткен «THE UAE SWAT Challenge» турнирінде бес күн бойы бақ сынасып, тамаша нәтиже көрсетті.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Қоғамда ажырасу оқиғаларының көбеюімен алимент төлеушілер қатары да артып келеді. «Алимент төлеуге міндеттілер» деген дұрыс шығар. Өйткені міндетті болғанымен, олардың бәрі бірдей «төлеуші» емес. Сондықтан прокуратура қызметкерлері алименттен қашқандарды анықтап, заң аясында күштеп төлеттіруге мәжбүр.
Сұхбат • 11 Ақпан, 2024
Бақытбек Смағұл: Ауған ардагерлеріне ерекше көзқарас қажет
15 ақпанда кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Ауған тарапының көмек сұрауына байланысты КСРО басшылығының шешімімен 1979-1989 жылдары бұл елге кеңес жауынгерлері жіберіліп тұрды. Солардың қатарында қазақ сарбаздары да сын сағатта антына адалдық танытып, майдан даласында ерліктің үлгісін көрсетті. Осы датаға орай біз Ауған соғысының ардагері, белгілі қоғам қайраткері, «Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлды әңгімеге тартқан едік.
Сұхбат • 09 Ақпан, 2024
Әли Әкбар Джоукар: Мәдени және туристік байланыстың әлеуеті зор
Қазақ «Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық» дейді. Бір қызығы, дәл осы мәндегі мақал парсы халқында да бар екен. Бұл – қай елде, қай заманда болсын тату көршіліктің тұғыры әрдайым биік екенін білдіретін пәлсапа. Иран Ислам Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Әли Әкбар Джоукармен сұхбатымызда да біз екі ел арасындағы достық байланыстар мен ортақ құндылықтар жайын әңгіме арқауына айналдырдық.
Үкімет • 09 Ақпан, 2024
Президент жүктеген міндеттер айрықша назарда
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, депутаттар сенатор Ақмарал Әлназарованың өкілеттігін тоқтату туралы мәселені қарады. Сондай-ақ күн тәртібіне шығарылған заңдарды ратификациялап, депутаттық сауалдарын жолдады.