Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
288 материал табылды

Қазақстан • 09 Мамыр, 2025

Айбынды армия – тәуелсіздігіміздің берік қорғаны

7 мамыр – Отан қорғаушы күні Астанада Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. 2017 жылдан кейін араға 8 жыл салып қайта оралған айбынды шеру бір жағынан майдангерлер мен тыл ардагерлеріне тағзым ретінде, екінші жағынан бүгінгі әскеріміздің күш-қуатын паш ету мақсатында ұйымдастырылды.

Айбын • 07 Мамыр, 2025

Бітімгер күштер ел беделін көтереді

Еліміздің қарулы күштері 2014 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітім­герлік қызметіне өз үлесін қосып келеді. Осы уақыт ішінде 80 азамат бай­қаушы және штаб офицері ретінде бірнеше миссияға атсалысса, 700-ге жуық әскери қызметші БҰҰ-ның арнайы операцияларына қатысқан. Ал өткен жылдан бас­тап еліміз бітімгерлік қызметті дербес құраммен өз бетінше орындауға кірісті.

Айбын • 07 Мамыр, 2025

Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ: Біз әлемдік стандартқа сай әскер жасақтадық

Бірер күнде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске 80 жыл то­лады. Мерейлі мереке аясында ұйымдастырылатын іс-шара­лардың басым бөлігі Қорғаныс министр­лігіне жүктелген. Отан қорғаушы күніне орай әрі Жеңіс күні қарсаңында Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовты әңгімеге тар­тып, мерекеге дайындық барысы мен Қазақ армиясының бүгінгі жай-күйі жайында сөз қозғадық.

Қоғам • 03 Мамыр, 2025

Өнерімен де елді қорғаған

Жақында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер уни­вер­си­те­тінде Дәс­түрлі му­­зыкалық өнер факультетінің ұйым­дастыруымен Екінші дү­ние­­­жүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ­«Ер есімі – ел есінде» атты концерт өтті.

Қазақстан • 01 Мамыр, 2025

Қазақ тілі – ұлтаралық тіл

Этнограф мамандардың пікірінше, кез келген мемлекетте негізгі ұлттың үлес салмағы 70 пайыздан асқанда, оның тілі сол елдегі этносаралық қатынас құралына айналады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, осы жылдың басында қазақтар елдегі жалпы халықтың 71,2 пайызын құраған. Демек қазақ тілінің этносаралық қатынас құралына айналуы – толғағы жеткен тақырып.

Сұхбат • 24 Сәуір, 2025

Жамбыл АРТЫҚБАЕВ: «Қазақтану» жобасы қайта жаңғырғаны жөн

Биыл елдегі этносаралық татулық пен бірліктің берік тұғырына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Осы мерейлі дата қарсаңында белгілі этнограф, ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевты әңгімеге тартып, Ассамблеяның атқарған істеріне, бүгіні мен болашағына үңілуді жөн көрдік.

Үкімет • 18 Сәуір, 2025

ТМД елдерімен экономикалық серіктестік артады

Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, онда сенаторлар ТМД елдерімен еркін сауда мәселелері жөніндегі заңды қарап, соңынан депутаттық сауалдарын жолдады.

Заң мен Тәртіп • 15 Сәуір, 2025

Індетпен күрес ілгері баса ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі түрде күресу қажеттігіне тоқтала келе, мұндай құқық бұзушы­лық фактілерін анықтау ғана емес, оның алдын алу үшін жұмыс жүргізу керек екенін айтқан еді. Десе де, қоғамның әр саласына тамыр жайып үлгерген бұл індетті толық ауыздықтау әзірге оңай болмай тұр. Соның ішінде білім саласына да дендеп еніп кеткені көңілге кірбің ұялатады.

Үкімет • 12 Сәуір, 2025

Заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің іргетасы

Кеше Сенатта заң білімін дамыту тақырыбына арналған Парламенттік тыңдау өтіп, іс-шара барысында депутаттар мен сарапшылар мүдделі тараптармен бірге сот және құқық қорғау жүйелерінің кадрлық әлеуе­тін нығай­ту, сондай-ақ заң шы­ғару қызметінің сапасын арттыру мәсе­ле­лерін тал­қылап, осы бағыт­тағы ұсыныс-пікірлерін айтты.

Сұхбат • 11 Сәуір, 2025

Сауытбек АБДРАХМАНОВ: Тыныштық пен татулық берекеге жеткізеді

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтеді. Осы оқиғаның қарсаңында мем­лекет және қоғам қайраткері, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановпен сұхбаттасқан едік.