Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
105 материал табылды

Балалар • 17 Қараша, 2023

«Ұлттық қор – балаларға»: Болашаққа бөлінген енші

«Қой егіз туса, бір түп жусан артық шыға­ды» дейтін халқымыз әр баланың өз несі­бесі бар екенін әуелден ескерген. Бұл, әрине, отбасының ырысын бала-шағаның несі­бесі деп санайтын түсінік қой. Бірақ біле-білгенге елдің де ен байлығында жас ұр­пақтың еншісі бар екені белгілі. Енді осы игілікті іс жүзінде сезіндіретін, яғни әр балаға ұлт байлығынан несібесін бұйыр­татын тың бастама «Ұлттық қор – бала­ларға» жобасы келесі жылдан бастап жүзе­ге асырыла бастайды. Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсы­ны­сы­мен қолға алынған бұл көшелі ба­ғдар­­ламаны іске қосуға негіз болатын ар­наулы заң жан-жақты зерделеніп әзірленді. Кеше осы заңға Президент қол қойды.

Денсаулық • 10 Қараша, 2023

Қызылшадан вакцина ғана қорғайды

Қазір елімізде қызылша жұқтырған балалардың саны күрт артып кетті. Эпидемиялық ахуалдың бұлай ушығуы бұл дертке­ қарсы жаппай иммундауды қажет етіп отыр. Өйткені ауру жұқтырып жатқандардың дені – дер кезінде екпе алмағандар.

Туризм • 09 Қараша, 2023

Елді әйгілейтін үздік ролик

Португалияның Калдаш-да-Раинья қаласында дәстүрлі ART&TUR халықаралық туристік кинофестивалі өтіп, онда Қазақстан туризмі туралы түсірілген бейнеролик екі аталым бойынша үздік деп танылды.

Білім • 09 Қараша, 2023

Бала кітапқа қалай қызығады?

Оқу жылының екінші тоқсанынан бастап Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен елордадағы барлық білім ошағында «8 минуттық көркем әдебиет оқу» жобасы басталды.

Қоғам • 09 Қараша, 2023

Кәсіби отбасы балалар үйінің орнын баса ала ма?

Бұқар жыраудың «Өзіңнен тумай ұл болмас» дейтін аталы сөзі бар. Қанша жерден құдайсүйер қылығы болмаса да, құдай берген өз балаңнан өзге бала артық бола алмайды. Дегенмен біздің жұрт – тағдырдың тәлкегімен ата-анасының қам­қор­лығынсыз қалған балаларды бауырына басып, басынан сипаған, жеті­мін жылатпаған ел. Соның бір айғағындай кейінгі жылдары елімізде балалар үйі де, ондағы тәрбиеленушілер де едәуір азайып қалды. Өкініштісі, қамқорлығына ал­ған баланы өз баласындай көре алмай, балалар үйіне қайтарып жатқан отба­сы­лар да баршылық екен.

Медицина • 30 Қазан, 2023

«Аңсаған сәби» бағдарламасы 6 мың шаңырақты шаттыққа бөледі

Адамзат сабақтастығының алтын арқауын жалғап ұрпақ өрбіту – әрбір ата-ананың асыл арманы. Өкініштісі, осы аңсаған арманына қол жет­кізе алмай шерменде болған шаңырақ аз емес. Ал ондай қам­көңіл отбасылардың қатарын сейілтіп, шемен болып қатқан шердің түйінін сүйін­ші­мен тарқатуға септігін тигізген шарапаты мол шара – «Аңсаған сәби» әлеу­мет­тік бағдарламасы.

Қоғам • 17 Қазан, 2023

Әлеуметтік кепілдік жүйесі

Еңбекші қауым үшін күн­көріс көзі ретінде жұмыс ор­ны маңызды құндылық сана­лады. Сондықтан да аза­маттар нәпақысын айы­рып отырған жұмысынан айырылып қалмауға қашанда мүдделі. Ал әлеуметтік жа­ғы­нан сақтандырылған жұ­мыс­шылар болса, мұндай тәуе­келдер туындаған жағ­­дай­да көптеген көмек түрі­не арқа сүйей алады. Айта­лық, бүгінгі таңда елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйе­сіне шамамен 6,9 млн жұмыс істейтін азамат қатысады және олардың 1,2 млн-ға жуы­ғы жыл бойы әлеуметтік тө­лемдер алады.

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023

Шайқалған шаңырақ қоғамның қабырғасын сөгеді

Ынтымағы жарасқан, ырыс ұйыған тату-тәтті отбасы – қоғамның құты. Өкініштісі, осы құтымызды ортайтып, шаңырағы ортасына түскен, ойран болған отбасылардың саны азаймай-ақ қойды. Қандай да бір жарыста еңсеміз түсіп, ең соңында қалғанда сасқанымыздан «Артынан санағанда біріншімін» деп өз-өзімізді жұбатқан боламыз. Еліміздегі ажырасу көрсеткіші – дәл осы жағдайдың кебі. Яғни бұл сорақы статистикадан дүниежүзінде алдыңғы қатардамыз.

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2023

Ең төменгі жалақы әлеуметтің көңіл-күйіне қалай әсер етеді?

Қарапайым халықтың әл-ауқаты қаншалықты жақсарып жатқаны негізгі нәпақасы – еңбекақының артуынан байқалады. Бұл ретте ең аз жалақы алатын азаматтардың табысын көбейтудің маңызы зор. Осыны назарында ұстайтын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін біртіндеп арттыруды тапсырып келеді. Былтырғы тапсырма бойынша ЕТЖ мөлшері биыл 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге көтерілсе, ал ендігісін 85 мың теңгеге дейін жеткізу міндеті қойылды.

Медицина • 04 Қыркүйек, 2023

Рустам АЛБАЕВ: Президенттік аурухана тәжірибесін өңірлерге тарату маңызды

Еліміздегі медициналық қызмет сапасын көтеруге елеулі үлес қосып келе жатқан Президент Іс басқармасының Медициналық орталығы мамандары өңірдегі әріптестерімен тәжірибесін бөлісіп, игі істерге бастамашы болып жүргенінен хабардармыз. Аталған орталықтың дәрігерлері биыл алты өңірде 83 операция жасап, 428 дәрігерлік кеңес беріп, 57 дәріс оқыды. Осы орайда аурухананың директоры, кардиохирург дәрігер Рустам Албаевпен сұхбаттасудың сәті түсті.