Жомарт ОСПАН
Жомарт ОСПАН«Egemen Qazaqstan»
44 материал табылды

Әлем • 15 Сәуір, 2024

Иран-Израиль қақтығысы шиеленісіп тұр

Таяу Шығыстағы ахуал тағы да ушығып тұр. Иран елі Израильді ұшқышсыз әуе аппараттарымен шабуылдап жатыр. Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Иран Төңкеріс сарбаздары армиясының шабуыл туралы мәлімдемесінде Израильдің Дамаскідегі Иран консулдығына 1 сәуір күнгі шабуылына қарсы жауап ретінде Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының 51-бабына сәйкес өзін-өзі қорғау құқығы аясында Израиль басқыншылығындағы аумақтарда әскери нысандарға операция бастағаны атап көрсетілген.

Пікір • 31 Наурыз, 2024

Өзіңді өзге сыйласа...

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері күн тәртібінен түспей келе жатқан толғақты тақы­рып­тың бірі – тіл мәселесі. Мемлекет құраушы елдің ана тілі, құнарлы да қасиетті қазақ тілінің есіктегі басын төрге шығару жөніндегі талқы, теке­тірес, мемлекеттік тілді өмір­дің барлық саласында батыл, еркін қолданып, аясын кеңейту жо­лындағы күрес әлі күнге то­лас­тар емес.

Мереке • 27 Наурыз, 2024

Қайта жаңғырған Наурызнама

Қазақ елі биыл Наурыз мейрамын он күн бойы тойлады. «Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес Көрісу күнінен басталған мереке Тазалық күнімен түйінделді. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Табиғат-ана да мейірім танытып, Ұлы даланың түкпір-түкпірінде сартап болған қасат қардың бауыры жылып, көбесі сөгілді. Осы айдың орта тұсынан басталған жаймашуақ күннің өзі мейрамның ерекше екенін паш етіп тұрғандай әсер қалдырды.

Мереке • 21 Наурыз, 2024

Ынтымақ – ырысымыз

Наурыз мейрамының тұжырым­дамасына сәйкес 21 наурыз – Ынтымақ күні. Бұл күн өткен өмірімізді еске түсіруге, ата-бабаларымыздың ұлан-байтақ жеріміз бен бірлік-берекеден айнымаған елдігімізді сақтау мен қалыптастыруға қосқан үлесінің маңыздылығын жете түсінуге негізделген.

Саясат • 11 Наурыз, 2024

Қазақстан – Өзбекстан: Қарым-қатынастың жаңа кезеңі

Ежелден еншілес, тарихи тамырлас екі ел – Тәуелсіз Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы 23 қарашада орнатылды. Екі мемлекет арасындағы тату көршілік қатынастарды растайтын басты құжаттың бірі – 1998 жылғы 31 қазанда Ташкентте қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы келісімшарт.

Мереке • 01 Наурыз, 2024

Ынтымақ пен мейірім мерекесі

Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін танытатын тағылымды мереке. Ризашылық пен мейірім, бейбітшілік пен келісім үйлесім тапқан мерейлі мезет. Бұл мейрам елімізде 2016 жылдан бастап енгізілді. Сол жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәжілісінде 1 наурыз Алғыс айту күні болып белгіленді.

Дін • 29 Ақпан, 2024

Мазар салу: Астамшылық па, даңғазалық па?

Кейінгі жылдары ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі дін мен салт-сана, міндет пен парызға қатысты белең алып кеткен кереғар түсініктердің салдарынан діни ғұрыптар жөнінде де түрлі пікір қалыптасып отыр. Соның бірі, мүмкін бастысы – өмірден озған адамның басына орнатылатын бейіт, мазар мәселесі.

Басылым • 25 Ақпан, 2024

Басқа басылымдардан: Әзербайжан арқылы мұнай жеткізу

Қазақстан мен Түрік­менстаннан Әзербайжан аумағы арқылы еуро­палық нарықтарға жеткізі­летін мұнай күрт өсті. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері «Баку-Тбилиси-Джейхан» (БТД) құбыры арқы­лы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемінің 17,3 пайызын құраған.

Басылым • 18 Ақпан, 2024

Басқа басылымдардан: Келешегі кемел ынтымақтастық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен келді. Бұл – Қазақстан Президентінің Парсы шығанағындағы елге алғашқы сапары.

Әлем • 13 Ақпан, 2024

Әзербайжан: Ел мен жер тұтастығының жеңісі

Әзербайжанда 7 ақпанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары негізінде елдің аумақтық тұтастығы, конституциялық құрылымының қалпына келтірілуіне орай ұйымдастырылған саяси науқан жалпыхалықтық сипат алды. Бауырлас мемлекеттегі маңызды іс-шараға Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы тізімімен еліміздің атынан бір топ байқаушы қатысты.