Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
167 материал табылды

Зерде • 12 Сәуір, 2025

«Қазақ күшінің картасы» жобасы

Ұлттық академиялық кітапхана төрінде жуыр­да құрылған «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының жұмыс-жоспары таныстырылып, «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды.

Қоғам • 11 Сәуір, 2025

Музыка-терапия мәнері

Музыканың құдіретінде шек жоқ қой. Жүректің тереңіне бойлап, ішкі дүниеңнің әр тамырын үздіге шертетін әуезді әуен жанға дауа, көңілге ем. Адам бәрінен шаршағанда һәм жалыққанда музыка тыңдағысы келеді. Баяу әуен жаныңды қоңыр тіршіліктен бір сәт алыс, аяулы мекенге апаратындай. Еркін құстай зеңгір көк аспанда қалықтап ұшуыңыз мүмкін. Сезімтал жанның жүрегін жұбатып, ой-қиялын осындай әдемі сәттерге тек музыка ғана жетелей алады. Музыканың күшіне, музыканың әсеріне өлшем жоқ: таңғажайып. Әлқисса.

Өнер • 11 Сәуір, 2025

«Birlik» биі

Еліміздегі алғашқы көпұлтты «Birlik» ән-би ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» халықаралық фестивалінің сахнасында өнер көрсетті. Әртістер әйгілі «Қара жорғаны» билеп, көрермен де қосыла кетті.

Басылым • 05 Сәуір, 2025

Мемлекетшілдікті дәріптеген қос жинақ

Астанада мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановтың «Қазақтың Қонаевы» және «Отыз жыл­дың ой-тол­ғауы» атты кітап­тарының тұсаукесер рәсі­мі өтті. Жаңа туын­ды­да автор өзі куә болған естелік­тер­ді баяндап, кеңестік тұс­­тағы әділетсіздіктер мен қайшы­лықтар туралы толғамды ­ойларымен бөліскен.

Қоғам • 02 Сәуір, 2025

Қолөнершілер бас қосты

Қосшы қаласындағы креативті хабта қолөнершілер бас қосып, атал­ған саладағы түйткілді мәселелерді талқылады. Шебер­лер­дің талап-тілек­­терін тыңдауға Мәдениет және ақпарат, Сауда және интеграция вице-министрлері мен депутаттар барды. Айта кетейік, қазіргі таңда креа­тив­ті өнді­ріс­ке қа­тыс­ты заң жобасы Мәжілісте қаралып жа­­тыр. Келелі кеңестегі айтылған ұсыныс-пікірлер жаңа құжатқа енгі­зілмек.

Тағзым • 01 Сәуір, 2025

Жазушыға арналған жиын

Ұлттық музейде Музей педагогикасы және балалар шығар­ма­шылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарихи тұлғалар» жоба­сы аясында Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің 85 жыл­дығына орай «Тарихтан тағылым тартқан» атты музейлік дәріс өтті.

Қоғам • 28 Наурыз, 2025

Түркі халықтарына ортақ алаң

Бүгінде түркі халықтарының бай мәдени-тарихи мұрасын сақтау мен тарату мақсатында ортақ цифрлық кітапхана құру ісі қарқынды жүргізіліп жатыр. Ел тарихына қатысты XII-XVIII ғасырлардағы 160 мыңнан аса қолжазба Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығында, Ұлттық кітапханада, Орталық ғылыми кітапханада, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қорларында жинақталған.

Кітапхана • 28 Наурыз, 2025

Зағип жандарға арналған кітапхана

Абай облысында маңызды әлеуметтік жоба – көру қабілеті нашар және зағип азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхана құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған бастама «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен көру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін білім алуға, дамуға, қарым-қатынас жасауға қолжетімді кеңістік құруға бағытталған.

Наурызнама • 21 Наурыз, 2025

Иранда «жаңа күн» қалай тойланады?

Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, жер бусанатын тұста айрықша күтетін ұлық мереке – Наурыз. Көктеммен бірге өміріне де шуақ, ырыс-береке кіреді деп сенген халқымыз Әз-Наурызды ерекше әспеттейді. Әр сәтіне мағына сыйдырған көшпелі халықтың көнеден жеткен төл мерекесі тұтас ұлттың ұстынын берік ұстап тұр.

Қоғам • 19 Наурыз, 2025

Бауырластардың әдеби байланысы нығаяды

Күні кеше Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Түбі бір түркі әдебиеті» атты дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиынға Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Минходжиддин Хожиматов, екі елдің танымал қаламгерлері қатысты.