Мирас • 02 Сәуір, 2026
Ежелгі ғасырлардан сыр шертетін киелі Түркістан өңірінің әр тасы тарихқа толы, шежіреге бай. Мыңжылдықтардың куәсі болған көне қала топырағын аяғыңмен басып, тарихи орындарын көзбен көрудің әсері, әрине, тым бөлек. Жуырда «Балуан тас сапары» экспедициясымен елорда әуежайынан он бір адам бортқа отырып, Шымкент шаһарына бет алдық. Қазақ халқының айрықша күш туралы дәстүрлі түсінігін жаңаша зерделеуге бағытталған жоба Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақ күшінің картасы» аясында жүзеге асып отыр. Бірнеше күнге созылған сапар барысында Сайрам, Ордабасы, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сауран аудандарын аралап, тарихи нүктелерге табан тіредік.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Сәуірдің алғашқы күні елімізде дәстүрлі Франкофония көктемі фестивалімен басталды. Осымен 16-рет ұйымдастырылған фестиваль аясында еліміздің бірнеше шаһарында – Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Қостанай қалаларында түрлі іс-шара жоспарланған.
Наурызнама • 14 Наурыз, 2026
Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, жер бусанатын тұста айрықша күтетін ұлық мерекенің басы Көрісу күнінен басталады. Амал мерекесін халқымыз ықылым заманнан бері дәстүрге айналдырып, қастерлеп келеді. Бүгінгі таңда да аталған күнді асыға күтіп, таң атысымен бір-бірімен құшақтасып көрісуге, амандық сұрасып, көктемге қуануға асығады.
Ғылым • 06 Наурыз, 2026
Әлем мұрағаты: Алаш көшбасшысы һәм зиялылары
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына арналған «Чехия, Словакия және Жапония архивтеріндегі Әлихан Бөкейхан бейнесі және Алаш Орда тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиында мұрағат беттерінен табылған тың ақпараттар көрсетіліп, ғалымдардың тұжырымдары тыңдалды.
Мирас • 18 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында халықтың тарихи жады мен ғылым-білімін жүйелейтін «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру бастамасын қолдайтынын айтқан еді. Бұл жоба ұлттық құндылықтарды сақтап, оны терең зерделеуге мүмкіндік береді. Жаңа қор e-archive, e-kitaphana, e-culture, e-museum секілді қолданыстағы жүйелермен, сондай-ақ мемлекеттік, ғылыми және білім беру ұйымдарының дерекқорларымен біріктіріледі. Айта кетейік, бүгінде Ұлттық архив қорының 2 миллион 600 мыңнан аса құжаты цифрландырылған. Ал «Qazaq Culture» платформасы сегіз тілде жұмыс істеп тұр.
Өнер • 13 Ақпан, 2026
Сонау кеңес кезеңінде баспадан 100 мың данамен басылып жататын кітаптардың расында да сапасы жақсы еді. Мұқабасы әлі күнге дейін түсін жоғалтпай сөремізде тұр. Иллюстрациялық суреттерінің өзі бөлек өнер ме дерсіз. Иә, жер-жаһанның бәрі цифрланып, ЖИ-ге жүгінген бүгінгі заманда көркем шығармалық кітаптарға сурет көп салынбайтын болды, иллюстратор мамандар да сиреп барады.
Өнер • 10 Ақпан, 2026
Қатар мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының мәдениет күндері аяқталды. Іс-шара аясында Доха қаласының тұрғындары мен қонақтары еліміздің мәдени мұрасы, дәстүрлері мен заманауи өнерімен танысты.
Қоғам • 05 Ақпан, 2026
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жазушы Асқар Алтаймен «Қазақ прозасындағы мифология мен мистицизм» атты шығармашылық кездесу өтті. Автормен жүздесуге асыққан оқырман көкейде жүрген сұрақтарын қойып, туындыларын талдады.
Театр • 03 Ақпан, 2026
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Абай» операсының жаңартылған нұсқасының премьерасы өтті. Сексен жылдан астам уақыт бойы бұл шығарма ұлттық опера өнерінің жауһары әрі театрдың айрықша бет-бейнесіне айналып үлгерді.
Таным • 30 Қаңтар, 2026
Нағыз баукеспе Жалпы, ұрлық дегеннің қай түрі болса да сүйкімсіз екені рас. Біреу білер, біреу білмес, кітапқа құмар ортаның арасында «библиоклептомания» деген бір ауру бар.