
Қоғам • 19 Наурыз, 2025
Бауырластардың әдеби байланысы нығаяды
Күні кеше Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Түбі бір түркі әдебиеті» атты дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиынға Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Минходжиддин Хожиматов, екі елдің танымал қаламгерлері қатысты.
Кино • 19 Наурыз, 2025
Жуырда ел кинотеатрларында отбасылық комедия – «Малай» фильмі жаппай көрсетілімге шықты. Бұл – «Холоп» туындысының қазақ көрерменіне бейімделген нұсқасы. Осыған дейін фильм Түркия, Моңғолия мен Францияда шыққан. Отандық нұсқада жергілікті менталитет пен әзіл ерекшеліктері ескерілді.
Тағзым • 18 Наурыз, 2025
Ұлттық академиялық кітапханада тарихшы-академик Кеңес Нұрпейісұлының 90 жылдығына орай «Дарабоз тарихшы» атты халықаралық дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
Байқау • 15 Наурыз, 2025
Кино байқауына 400-ден аса өтінім түсті
Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеудің бірінші кезеңіне сценарийлер мен сценарий жоспарларын қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды. Электронды түрде тіркелген өтінімдердің жалпы саны – 444.
Өнер • 14 Наурыз, 2025
Келісті ғой кимешек кестесімен
Өнер атаулының бәрі заманауи стильге көшкен бүгінгі толқында түрлі бағыт, түрлі қолтаңба кездеседі. Әр қолтаңбаның өз ерекшелігі, өз бояуы, өз дауысы бар. Қазір өнерде де тарихқа терең бойлап, ескіні көрсету, көнені жаңғырту үрдісі белең алып келеді. Бұл өткен мен бүгіннің арасын көркемдік тұрғыда, шеберлік аясында байланыстырады. Мәселен, қазақтың этнографиялық киімдерін қалпына келтіріп, қайта жаңғыртып жүрген Қолөнершілер одағының мүшесі, этнодизайнер Тілек Сұлтанның кимешектер сериясын айтамыз.
Тұлға • 14 Наурыз, 2025
Ұлттық академиялық кітапханада күйші, домбырашы, дирижер, «Отырар сазы» халық музыкалық аспаптар фольклорлық-этнографиялық оркестрінің негізін қалаушы, Қазақ КСР-і және КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Саздың пірі – Нұрғиса» атты кеш өтті.
Қоғам • 12 Наурыз, 2025
Қазақ қашаннан кеңдігімен, елдігімен, сан бояулы салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Ұлтымыздың ұлылығын нақыштайтын қанға сіңген қасиет, әдет-ғұрыптар бойтұмар сынды сан ғасырдан бері жасап келеді. Әсіресе күн мен түн теңеліп, Самарқанның көк тасы жібитін, қазан оттан түспейтін, Жер-ана бусанып, тіршілік атаулының тамырына қан жүгіретін Ұлыстың ұлы күнінің тарихи һәм ұлттық маңызы орасан. Қазіргідей жаңа заманға, жаңа қоғамға, жаңа уақыттың ағысына сай дәстүрге айналған мерекенің де жалпыхалықтық сипаты өзгеріп келеді. Жаһандану кезеңінде мұндай өзгерістердің болуы да заңдылық.
Тұлға • 07 Наурыз, 2025
Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты көрме мен дөңгелек үстел өтті.
Кино • 07 Наурыз, 2025
Киножобаларды іріктеу басталды
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады. Киножобаларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асады.
Таным • 21 Ақпан, 2025
Бүгінде күйзеліс деген сөзді жиі еститін болдық. Заман қарыштап дамыған сайын бұл «аурудың» да мағынасы кеңейіп келеді. Жүрегіне тыныштық іздеген жан түрлі амалға жүгінеді: психология, медитация, аффирмация. Ал жанға дауа нағыз терапия қазақ даласында сонау сегіз ғасыр бұрын пайда болған. Ғалымдардың айтуынша, үрмелі аспап сазсырнай – күйзелістен құтқаратын таптырмас ем.