Әдебиет • 08 Қараша, 2021
Түске бергісіз өң болушы еді. Өңге бергісіз түс көрдік. Ап-анық, бәрі шынайы. Қарымды қаламгер, қайран аға Рахымжан Отарбаевтың Атыраудағы үйінің ауласы екен деймін. «Адамдай былтыр кетіп, биыл келген» қайта оралыпты. Сәуле жеңгей мен Ермерей мәз. «Айжамалды танып тұрсың ғой?» дейді әкесі. «Әрине!». Қасымда Ерер құрдасым бар екен, оның не қып жүргенін құдай білсін.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2020
Әділдік – әр істің құдайшылығы
Он бірінші сыныпқа көшер шағымыз. Алғаш рет жеке куәлігімді алуға барып, аудан басын дүрліктіргеніміз бар. Тиісті мекеме маңында он бес күн жүрдік. Қарақұрым халық, бітпейтін кезек. Ақыры араға таныс полицейді салып, шаруаны сырт айналып тындырдық.
Қоғам • 16 Маусым, 2020
Аты өшкір әлгі індет туралы кеше әлеуметтік желі қолданушылардың бірі, әжептәуір пікірі бар замандас: «Бір министр, бір депутат шықты. Енді бір әнші шықса» депті. Соны оқып отырып, көкейде көптен жүрген бір секеміме әбден бекіндім: COVID қауіпті ме? Көп ит қауіпті ме? Үлкен сұрақ. Ауыздан ақ ит кіріп, көк ит шықпағанға не жетсін!
Қоғам • 21 Тамыз, 2019
Мемлекет қызметкері болсақ та, заң бойынша «мемлекеттік қызметкер» аталып көрмеппіз. Дегенмен естуіміз бар, көруіміз бар: тіптен оңай емес дүние. Несін жасырасың, күш-қуат тұрғысынан ауық-ауық әбден сығылған лимондай боп қалатыны өз алдына, күнделікті ағымда жүргеннің өзінде көбіне жақсы аты жоқ. Дүниенің бүкіл оңалмай жатқан келбетіне мемлекеттік қызметкерді кінәлау, «өй, шенеунік қой» дей салу халықтық қолданыста жиі кездеседі. Неге? Неліктен?