Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
126 материал табылды

Мектеп • 26 Ақпан, 2025

Атауына сай мектеп

Мемлекет басшысы бастамашы болған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында 21 мектеп бой көтереді. Ұлттық жоба шеңберінде салынған 2700 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді. Келесі оқу жылына дейін тағы бесеуі есігін айқара ашады. Білім берумен қатар оқушылардың жан-жақты дамуына бар жағ­дай жасалған осындай білім ошақтарының екеуі облыс орталығынан орын теп­кен.

Өндіріс • 21 Ақпан, 2025

Сұраныс үдесінен шыққан кәсіпорын

Шиелі ауданында «Қазақстанның мұнай-газ химиялық компаниясы Кемикал» ЖШС филиалы 20 жылдан аса уақыт бойы газ және су жүйесіне қажетті құбыр шығарып келеді. Кәсіпорын өнімінің ауқымды бөлігін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы пайдаланып отыр. Германияның «Крас Маффай» фирмасынан шыққан, автоматты құрылғылармен жабдықталған соңғы үлгідегі технологиялық желіні пайдаланып отырған серіктестік еліміздің әр түкпірінен түскен тапсырыстарды сапалы әрі уақтылы орындайды.

Өшпес даңқ • 21 Ақпан, 2025

Петр – Тілепбайдың баласы

Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарының нақты санын әлі ешкім тап басып айта алмайды. Баласының маңдайынан бір иіскеп, толарсақтан қан кешкізген майданға аттанған талайлар жат жердің топырағын жамылды. Қырғыннан қайтпай қалған Жексенғұлы мен Қосшығұлын сағынған Қаракемпірдің жоқтауы перзентін соғыс жалмаған бар ананың зары болып құлақта қалды.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2025

Қарғын су да қажетке жарайды

Кейінгі 4-5 жылдың бедерінде Сырдария қыстың күндері де орта түсіп, кей жері ойдым-ойдым болып, табаны көрініп жататынына көз үй­ренген еді. Дегенмен биыл су жылдағыдан тәуір. Көп жыл­дан бері дария жайы­ла қатып, өзен арнасын көк мұз шіреп тұр. Қазір су шаруа­шы­лығына қатысты мекеме өкілдері көктемгі су тас­қы­нына қарсы қауіпсіздік қамын жасап жатыр.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2025

Қызылордада есірткіге қарсы көрме өтті

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, оларды есірткіні қолдану мен таратудан тыятын көрнекі үгітті ұдайы жүргізетін облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бұл жолы оқу орындары арасында есірткіге қарсы үздік көрме байқауын ұйымдастырды.

Айтыс • 18 Ақпан, 2025

Жыр арқауы – адал еңбек

Сырда Қызылорда мен Алматы облысы ақындарының «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтысы өтті. Облыс әкімдігі мен «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай, еңбек құндылықтарын насихаттаған өнер додасында жұртшылық түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысын көріп, жыр, терме, дәстүрлі ән және күй жанрларында сынға түскен өнерпаздарға қол соқты.

Жәдігер • 13 Ақпан, 2025

Мәмбет әулие мұрасы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ­­сирек кітаптар қорында ХХ ғасырдың басында баспа жүзін көрген Құран кітабы сақталып тұр. Құнды кітап – алдағыны болжаған әулие, темірден түйін түйген ұста Мәмбет Олжабайұлынан қалған жәдігер. Көп жыл әулие ұрпақтарының қолында сақталған кітап былтыр музейге тапсырылды.

Футбол • 08 Ақпан, 2025

«Қайсар» енді легионерсіз ойнайды

Спорт саласындағы реформалардың лебі өңірлерде де анық байқалады. Мамандар бөлініп жатқан қыруар қаржының қайтарымын саралағанда олимпиадалық спорт түрлерінің қағажу көріп жүргенін жиі айтады. Мысалы, облыста салаға бөлінген қаржының 80 пайыздан астамы олимпиадалық емес спорт түрлерін дамытуға жұмсалып келіпті.

Аймақтар • 07 Ақпан, 2025

Екі нысан пайдалануға берілді

Жалағаш ауданындағы Қаракеткен ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде салынған дәрігерлік амбулатория ашылды.

Заң мен Тәртіп • 05 Ақпан, 2025

Жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру – ортақ борышымыз

Елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Жуырда Мәжілістің жалпы отырысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын талқылау барысында осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың жария тізілімі жасалатыны белгілі болды. Жалпы, ел болашағына қауіп төндіретін осы келеңсіздікпен күрестің өңірде жүзеге асу барысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Қуаныш Ахметқалиевтен білген едік.