Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Абай облысында өзен суы көтеріліп, 50 аула аумағына жайылды
Абай облысының Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылында қардың қарқынды еруі салдарынан Эра өзенінде су деңгейі көтерілді. Салдарынан Первомайская көшесінің бойындағы 50 аула аумағын су басқан. Үйлерге су кірген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Сенат • 30 Наурыз, 2024
«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы мүшелері Ассамблея басшылығымен кездесті
Парламентте «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы мүшелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуге депутаттық топ жетекшісі – Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп төрағалық етті. Сенатор өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бір ел-бір мүдде» алаңы құрылғанын және ол ұлттық бірлік пен әлеуметтік келісімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 30 Наурыз, 2024
Ұшқыштар су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды
Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары Ақтөбе облысында су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылы нәтижесінде Ойыл ауданына қарасты Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 29 Наурыз, 2024
Сенатта отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары, салалық министрліктердің, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері және жас ғалымдар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Әскерилер су басқан ауыл тұрғындарына жәрдемдесті
Авариялық-құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелер, басқа да күштік құрылымдар мен мердігерлік ұйымдар жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Ұлытау облысында жағдай бақылауға алынды
Қазіргі уақытта Қарсақбай кентіндегі судың деңгейі қалыпты. Десе де өңірдегі ахуалды өз деңгейінде ұстап тұру үшін штаб кезекшілігі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бұл ретте Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы тарапынан ахуалды қатаң бақылауда ұстаудан бөлек, халықты алдын ала хабардар етіп отыру жұмыстары тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Абай облысында эвакуацияланғандар үйлеріне оралды
Өңірде еріген қар суы салдарынан бөгеттер мен елді мекендерді су басқаны мәлім. Қызыл су жүрген Аягөз, Ақсуат аудандарының тұрғындары арнайы эвакуациялау пунктеріне орналастырылған еді. Бүгін аудан халқы үйлеріне оралды. Жарма және Аягөз ауданындағы су басқан ауылдарға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев арнайы барды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Премьер-министр: Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны
Премьер-министр Олжас Бектенов ТЖМ-нің Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады. Аумақтық ТЖД-лар бейнеконференцбайланыс режимінде қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақмола облыстарында 4 694 адам, оның ішінде 1 682 бала құтқарылды. Бұл ретте әуе кемелерімен 447 адам, оның ішінде 180 бала эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Аягөз өзені іргесіндегі үйлерден 172 адам эвакуацияланды
Абай облысы Аягөз ауданындағы өзен суының деңгейі көтеріліп кетіп, өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.