Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
2671 материал табылды

Аймақтар • 22 Ақпан, 2024

Жетісулық тұрғын 30 мыңдай голланд қызғалдағын өсірді

Жетісулық тұрғын Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 30 мыңға жуық голланд қызғалдағын баптап өсірді. Өнеркәсіп альпинизмі мамандығына машықтанған Сарқан ауданының тұрғыны Бауыржан Бөлегенов негізгі жұмысынан бос уақытын қызғалдақ өсіруге арнап, оған 6 миллион теңгеге жуық жеке қаражатын жұмсаған. Осы күні оның өз қолымен салған жылыжайында қызғалдақтың сан алуан түрі көз қуанта өсіп жатыр, жазады Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 22 Ақпан, 2024

Теміржолды белгіленбеген тұстан кесіп өтудің 6179 фактісі анықталды

Биыл 6000-нан астам азамат белгіленбеген жерден темір жол төсемін кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылған. Өткен аптада пойыздардың адамдарды қағып кетудің 5 фактісі тіркелген. Жазатайым оқиғалар Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының аумағында болып, оның үшеуінде адамдар жарақат алса, екеуі өліммен аяқталған. Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан • 21 Ақпан, 2024

«Жерасты суларын барлау»: Қазақстан-Испания ынтымақтастығы артады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесіп,  жерасты суларын барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы тиісті министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 21 Ақпан, 2024

Британдық спортшылар «Көшпелілер ойындарына» қатысады

Ұлыбритания елшілігінің қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 21 Ақпан, 2024

Медальді көп әкелетін спорт түрлерін дамыту керек – министр

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілген. Нормативтерге сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда 55-165 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, облыстарда 20-50 мың адамға 1 БЖСМ, облыстың әрбір ауданында кемінде 1 БЖСМ болуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.

Парламент • 21 Ақпан, 2024

«Отбасының цифрлық картасы» басқа цифрлық жүйелермен біріктірілген, отбасылар туралы жақсы біліп отырмыз – министрлік өкілі

Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Мәжілістің жалпы отырысында Ажар Сағындықова депутаттық сұрағын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкіліне жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқарушы • 21 Ақпан, 2024

Суға батқан баланы аман алып қалған құтқарушылар марапатталды

Алматыда 18 ақпан күні бала өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен лейтенант Абиров Серік марапатталды. Подполковник Қасенов Талғат пен майор Ілияс Серік ҚР ТЖМ Алғыс хатын алды. Министр атынан марапатты Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев табыстап, алғыс білдірді. Сондай-ақ баланың әкесі ТЖД-ға арнайы келіп, құтқарушыларға отбасының атынан алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 21 Ақпан, 2024

450-ден астам су саласы маманы біліктілігін арттырады

Биыл су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтардың жанындағы біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 20 Ақпан, 2024

Қазақстан каратэшісі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Кипрдің Ларнака қаласында WKF каратэден Karate1 Series A халықаралық турнирі аяқталды. Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қоғам • 20 Ақпан, 2024

Республикалық маңызы бар 7 жол бөлігі жабылды

Бүгін ауа райы қолайсыздығына байланысты 5 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.