Құтқарушы • 03 Қаңтар, 2024
Құтқарушылар 357 адамды эвакуациялады
Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 82 өрт оқиғасына, 95 іздестіру жұмысына, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға, барлығы 177 шығу жасап, 357 адамды, оның ішінде 39 баланы құтқарып, эвакуациялаған, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы: Азаматтарымыздың қарызға белшеден батқанына қатты алаңдаймын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында күрделі мәселенің бірі – халықтың қарызға батуы, несие туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Қаңтар, 2024
2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есе ұлғайта аламыз – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін екі есе арттырып, 450 миллиард долларға жеткізу көзделгені туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысына мерекелік құттықтау жеделхаттары келіп жетті
Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 30 Желтоқсан, 2023
Жанақ Сағындықұлы: Халық – қазына, хан – қақпа, батыр – қорған
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Авторлық тұжырым ретіндегі қысқа әдеби туынды. Көркем кестеленген нақыл сөз. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстар мен адамдардың іс-қимылына, мінезіне деген көзқарастағы анықтық, пікір жинақтап қорыту мен түйін жасаудағы логикалық жүйелілік және ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Ақтамберді Сарыұлы, Үмбетей Тілеуұлы, Байдалы Бекшеұлы, Сырым Датұлы, Тоқсан Жабайұлы, Шал Құлекұлы, Жанақ Сағындықұлы, Бөлтірік Әлменұлы, Абыл Өтембетұлы ойларын ұсындық.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2023
Жаңажылдық пойыздардың сапарлары басталды
Биыл №4/3 «Астана-Нұрлы Жол-Алматы», №77/78 «Алматы-Маңғыстау», №45/46 «Павлодар-Түркістан» және №38/37 «Маңғыстау-Семей» бағыттары бойынша пойыздар жаңажылдық стильде безендірілді. Кестеге сәйкес түрлі уақытта қатынайтын аталған пойыздар 29 желтоқсаннан бастап қалалар бойынша жолға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Музей • 30 Желтоқсан, 2023
Биыл Ұлттық музейге келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті
Биыл Ұлттық музей 415 іс-шара ұйымдастырған. Нақты атағанда, 2 жаңа залдың ашылуы, 40 көрме, 4 конференция, 1 конгресс, 2 симпозиум, 25 дөңгелек үстел, 3 семинар, 163 музей сабақтары және тағы басқа түрлі форматта іс-шаралар өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023
Ауа райы нашар кезде пойыз – бірден-бір қолжетімді көлік
Қолайсыз метеорологиялық ахуалдарға байланысты ҚТЖ жедел штабы басқа көлікпен діттеген жеріне жете алмаған жолаушыларды мүмкіндігінше қала маңындағы пойыздармен әкету туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 30 Желтоқсан, 2023
Әскери қызметшілер майдангерлерді мерекемен құттықтады
Астана, Алматы қалаларындағы Қарулы күштердің әскери қызметшілері екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Астанада Қорғаныс министрлігі өкілдері «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп екі майдангерге барды. Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілі запастағы полковник Ғани Артықов осы күндері елордада екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 7 ардагер тұратынын, жыл өткен сайын майдангерлер азайып бара жатқанын, әр ардагер – тірі тарих екенін, жеңістің оңай келмегенін өскелең ұрпақ білу керектігін атап өтті. Сонымен қатар Алматы әскери қызметшілері майдангердің үйіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлік сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023
Күн райы қолайсыздығынан Оралға қонатын ұшақтар кешігіп жатыр
Оралға келетін рейстер кешігіп жатыр. «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметі мәлім еткендей бұл Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.