Аймақтар • 27 Мамыр, 2024
Атырау облысында «Қауырт желі» қайта іске қосылды
23 мамырға қараған түннен бастап Атырау облысындағы су тасқыны жағдайларына байланысты облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Қауырт желі» қайта іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Мамыр, 2024
Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Мамыр, 2024
Тасқынға тосқын: Соколок бөгеттерін нығайту қарқынды жүріп жатыр
Қаланың басты қорғаныс құрылымы саналатын Соколок арнасы жағаларын бекіту жұмыстарына 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 100-ге жуық азамат тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Мамыр, 2024
«2 автобуста 22 бала болған»: Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды
Ақмола облысында патрульдік полицейлер трассада болуы ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алды. Патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Ахметовтың айтуынша, жазғы лагерден қайтқан 22 бала отырған екі шағын автобус 23 мамырда Бурабай ауданынан шыққан. Оқушылар қауіпсіздігі үшін колоннаны облыстық батальонның 4 взводының қызметкерлері Бүркіт Алшынбаев пен Рыспек Қабдрашев еріп жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Сенат • 24 Мамыр, 2024
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Рысбекова, Бекболат Орынбековтер ТМД Парламентаралық Ассамблеясының іс-шараларына қатысып, басқа елдерден келген парламентшілермен бірге түрлі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 24 Мамыр, 2024
Сенатор «ТМД елдеріндегі президенттік билік институты» конференциясына қатысты
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Демократияның дамуын мониторингілеу халықаралық институты және ТМД ПАА Кеңесінің Хатшылығы ұйымдастырған «ТМД елдеріндегі президенттік билік институты» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп, оған Парламенттердің депутаттары, Орталық сайлау комиссияларының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ ҚР Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров қатысып, президенттік институтты дамыту, сайлау үдерісінде цифрлық технологияларды қолдану, парламентаризм институты мен президенттік билік институтының өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы, сондай-ақ ТМД елдеріндегі басқару нысанын трансформациялау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2024
Қазақстан-Ресей: Сенаторлар стратегиялық әріптестікті нығайта түсті
Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен депутаттар Ольга Булавкина, Ернұр Әйткенов, Сергей Ершов, Нурия Ниязова, Талғат Жүнісовтер Парламент Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 21-ші отырысына қатысты. Кездесуге қатысушылар жан-жақты ынтымақтастықты өрістету, тарихи естелік пен мәдени мұраны сақтаумен қоса мәдени-гуманитарлық саланы жетілдіру, сондай-ақ екі елдің туризм және спорт саласындағы байланыстарын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 24 Мамыр, 2024
Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі органдардың халықаралық қауымдастығына енді
Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Агенттік жемқорлыққа қарсы озық стандарттарды енгізу бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырып жатыр. Осы айдың 22-24 күндері аралығында Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали бастаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет делегациясы Гонконгта өтіп жатқан «Жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа жолын жобалау» атты 8-ші симпозиумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Мамыр, 2024
ШЫҰ шеңберіндегі спорт: Тәжірибе алмасу және жаңа бастамалар
Алматыда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты министрлік басшыларының кеңесі өтті. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мен нығайтудың маңызды мәселелері талқыланған жиында сала министрі Ермек Маржықпаев спорт – ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі екенін атап, Қазақстан ШЫҰ кеңістігінде спорттың дамуына үлес қосуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 24 Мамыр, 2024
Сенатта әлеуметтік қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен кездесіп, тараптар еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, зиянды еңбек жұмысымен айналысатын адамдарды қорғау жөніндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.