Қазақстан • 24 Мамыр, 2024
Қазақстан-Ресей: Сенаторлар стратегиялық әріптестікті нығайта түсті
Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен депутаттар Ольга Булавкина, Ернұр Әйткенов, Сергей Ершов, Нурия Ниязова, Талғат Жүнісовтер Парламент Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 21-ші отырысына қатысты. Кездесуге қатысушылар жан-жақты ынтымақтастықты өрістету, тарихи естелік пен мәдени мұраны сақтаумен қоса мәдени-гуманитарлық саланы жетілдіру, сондай-ақ екі елдің туризм және спорт саласындағы байланыстарын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 24 Мамыр, 2024
Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі органдардың халықаралық қауымдастығына енді
Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Агенттік жемқорлыққа қарсы озық стандарттарды енгізу бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырып жатыр. Осы айдың 22-24 күндері аралығында Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали бастаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет делегациясы Гонконгта өтіп жатқан «Жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа жолын жобалау» атты 8-ші симпозиумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Мамыр, 2024
ШЫҰ шеңберіндегі спорт: Тәжірибе алмасу және жаңа бастамалар
Алматыда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты министрлік басшыларының кеңесі өтті. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мен нығайтудың маңызды мәселелері талқыланған жиында сала министрі Ермек Маржықпаев спорт – ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі екенін атап, Қазақстан ШЫҰ кеңістігінде спорттың дамуына үлес қосуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 24 Мамыр, 2024
Сенатта әлеуметтік қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен кездесіп, тараптар еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, зиянды еңбек жұмысымен айналысатын адамдарды қорғау жөніндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур ректорларының форумына қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, білім мен ғылымды дамыту еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
«Атырау-Индер» жолының қалаға кіреберіс тұсы жабылды
Өр суының қарқындануына байланысты, аталған жолдың Атырау қаласына кіреберіс тұсында көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Қазақстанның 8 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбдуәлиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Сингапурдың үшінші Премьер-министрімен кездесті
Мемлекет басшысы Сингапурдың үшінші Премьер-министрі, аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 24 Мамыр, 2024
Парламенттік тыңдау: Өнеркәсіп секторындағы проблемалар туралы айтылды
Бүгін Сенатта Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасында экономиканың өңдеуші секторын дамыту» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті. Іс-шара барысында саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар көтерілген мәселе жөнінде ұсыныстарын айтып, мүдделі тараптардың алдағы бірлескен жұмысының басымдықтарын пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев 46-шы Сингапур лекциясын оқыды
Мемлекеттік сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев 46-шы Сингапур лекциясын оқыды. «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету» атты дәрісінде Президент жаһандық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі орта державалардың атқаратын рөлі туралы ой-пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.