Аймақтар • 22 Мамыр, 2024
Құлсарыдағы бейбіт жиналыс аяқталды
Жылыой ауданы әкімдігі Құлсары қаласы тұрғындарына зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарағаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 22 Мамыр, 2024
Әскери медицина цифрландырылады
Бірер күн бұрын әскери госпитальдар мен лазареттерге «ДАМУ» медициналық ақпараттық жүйесіне тегін қол жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Бұл Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру жолындағы қадамдардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 22 Мамыр, 2024
«Ұлы дала жорығы - 2024»: Үшінші күн қорытындысы
21 мамырда таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысы аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанған командалар келесі 100 шақырымды бағындырды. Үшінші кезеңде Жетісу облысы командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысы шабандоздары мәреге екінші болып жетсе, Алматы қаласы командасы үштікке ілікті. Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды, 22 мамырда жалпы 14 команда жалғастырады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 21 Мамыр, 2024
Сенатор ҰҚШҰ ПА отырысына қатысты
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының кезектен тыс отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 21 Мамыр, 2024
Алматыда киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды
Алматыда 1 212 дана ақбөкен мүйізін сатпақ болған төрт адам ұсталды. Заңсыз әрекет қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шаруашылық • 21 Мамыр, 2024
Тасқын зардабы: Махамбет ауданында егіншілер шығыны толық өтеледі
Атырау облысына қарасты Махамбет ауданында 66 егін алқабы және 27 мал шаруашылығы қожалығы зардап шеккен. Айта кетерлігі, бірде бір мал шығыны болмаған, өйткені, қауіпті аумақтар қожалықтарындағы мал басы толықтай алдын ала бекітілген қауіпсіз жерлерге көшірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 21 Мамыр, 2024
Сарапшылар клубының отырысы өтті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата жанындағы Сарапшылар клубы отырысында елдің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараға Дүниежүзілік банктің Қазақстан мен Түрікменстандағы өкілі Андрей Михнев және белгілі экономист Азамат Ағайдаров қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Мамыр, 2024
«Автомектептер»: Емтихан қабылдау бойынша түзетулер енгізілді
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 21 Мамыр, 2024
Түркістан облысында су есептегіш құралын ұрлаған күдікті қолға түсті
Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы полициясы ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2024
Құлсары тұрғындары мемлекет көмегіне риза
Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, Құлсары қаласы тұрғындарының зардап шеккен мүлкін бағалау тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Құлсарының 600-ден астам тұрғыны су басқан мүліктің залалын бағалау нәтижелерін алды. Осы аптаның соңына дейін аталған жұмысты толығымен аяқтау жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.