Таным • Кеше
Ұлттық құрылтайда Қазақстан материалдық емес мәдени мұралар тізіміне өз нысандарын белсенді түрде енгізіп жатқан 25 елдің қатарында екенін ерекше атап өткен Мемлекет басшысы: «Төл тарихымызды зерделеу, өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету үшін әлі де көп жұмыс істелуге тиіс. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді. Елімізде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес», деді.
Өнер • 01 Сәуір, 2026
Торғай ауылының тұрғыны Қарлығаш Нұридденқызы жылына бір кілем тоқиды. Зейнеткер өзі жасаған дүниелерін аудандық, облыстық деңгейдегі көрмелерге шығарып, кейінгі кезде кенжелеп қалған ұлттық өнерді көпшілікке дәріптеп жүр.
Байқау • 31 Наурыз, 2026
Қостанайда облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті. Астықты өңірдің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған дәстүрлі жыр додасында 19 бала ақын бақ сынасты.
Өндіріс • 28 Наурыз, 2026
Қостанайда жасалған қуатты комбайн
Былтыр Қостанайдағы «АгромашХолдинг KZ» зауыты мен «John Deere» компаниясы құны 2,5 млрд долларға бағаланған стратегиялық серіктестік туралы келісімге келген. Шарт бойынша Қостанайда 5 жыл ішінде кем дегенде 3 мың «John Deere» құрастырылып, ел көлемінде 3 сервис орталығы ашылады. Сондай-ақ мамандарды оқыту жүйесі қолға алынады.
Кәсіпкер • 21 Наурыз, 2026
Қостанайда жұмсақ құрт, тәтті ірімшік, жент, сүзбе тәрізді ұлттық тағамның неше түрін сататын «Qazaq бренд» атты 5-6 дүкен бар. Қаладағы ағайын қадірлі қонағының алдына тосатын табиғи таза өнімнен жасалған таңсық асын осы дүкендерден алады. Дәмі тіл үйіретін қызылды-жасылды, түрлі түсті ұлттық тәттілер, әсіресе, Наурыз мерекесі қарсаңында жоғары сұранысқа ие.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанайда мүгедектігі бар азаматтар инновациялық технология көмегімен дауыс берді. Еліміздің санаулы өңірлерінде ғана қолға алынған қанатқақты жоба аясында №21 референдум учаскесінде есту, көру қабілеті нашар жандарға арналған цифрлық бұрыштар жұмыс істеп тұрды.
Саясат • 14 Наурыз, 2026
Құмар АҚСАҚАЛОВ: Өңір дамуының жаңа кезеңіне көштік
Ауыл шаруашылығы мен ауыр өнеркәсібі қатар өріс жайған Қостанай облысы өндірісі қуатты, дамуы тұрақты, тіршілігі шуақты өңірдің бірі екені көпке аян. Өңір басшысы Құмар АҚСАҚАЛОВ Тобыл-Торғай өңірінің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы даму жоспары төңірегінде бірқатар сауалымызға жауап берді.
Жәдігер • 11 Наурыз, 2026
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінің көшпелі тұрмыс мәдениетіне арналған бөлімінде XIX ғасырда жасалған асадал мен төсекағаш сақтаулы тұр. Құнды жәдігерлерді кезінде Торғай ауылының тұрғыны Дәметкен Есмағұловадан осы мұражайды ашқан Өзбекәлі Жәнібековтің өзі барып сұрап алған.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2026
Өңірде орман шаруашылығы мен өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Кейінгі үш жылда саланы техникамен қамтамасыз етуге 8 млрд теңге қарастырылды. Қомақты қаражат есебінен 26 өрт сөндіру көлігі, 86 трактор, 39 шағын орман өрт сөндіру кешені, сондай-ақ 78 қызметтік автокөлік сатып алынды.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2026
Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында жаңадан салынған үш көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 43 отбасы қоныстойын тойлады.